Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап халқы тығыз орналасқан аймақтан жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары бастау алды. Бүгінгі таңға дейін Солтүстік өңірлерге Түркістан облысынан 882 отбасы, яғни 2 мың-нан астам адам коныс аударған. Қоныс аударушылардың басым көпшілігі тұрғын үй және тұрақты жұмыспен, сондай-ақ мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік қаржылай көмектермен қамтамасыз етілді. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Солтүстікке 206 отбасы — 683 адам көшіп барған. Оның ішінде 22 жанұя — Костанай облысына, 46 жанұя — Шығыс Қазақстанға,
94 отбасы — Солтүстік Казақстан облысына,
44 отбасы — Павлодар облысына жайғастырылған. Аталған жұмыстар ағымдағы жылы да жүйелі түрде жүзеге асырылады. Бүгінде Түркістан облысынан Петропавл қаласына БАҚ өкілдері мен жауапты сала мамандарынан құрылған арнайы делегация аттанды. Олар алдағы күндері Солтүстік аймақтағы халықтың тыныс тіршілігімен танысатын болады.
Айта кетейік, делегаттар қатарында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дамир Дәулетұлы, Түркістан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашев, сондай-ақ, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков те бар.
«Айғақ-Ақпарат»