• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Мамыр 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Кентаулық фабрика жылына 16 миллионнан астам жұмыртқа өндіреді

23.07.2019
0

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Кентау қаласына барды. Онда әуелі «Яссы-құс» фабрикасына аялдады. Шаруа қожалық 2016 жылы жұмысын бастаған. Негізінен жұмыртқа өнімін өндірумен айналысады. Фабрикада 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы 45000-50000 теңге аралығында. Қожалықта 4 жұмыртқалайтын  цех пен құрама жем сақтайтын қойма бар.  Жобаның  құны  – 198 млн. теңге. Қазіргі таңда  голландиялық «Лабраун»  породасынан  – 50 мың дана тауық бар. Фабриканың айлық қуаттылығы – 1 350 000 дана жұмыртқа, ал жылына  16 200 000 дана жұмыртқа шығаруға қауқарлы.

Қожалық жұмысымен танысқан облыс басшысы өнім көлемін арттыра түсіп, жұмыс орнын көбейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы Кентау қаласындағы құрылысы жаңадан басталған 10 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Жобалаушы мекеме «Sunkar Byilding» ЖШС болса, бас мердігер: «Ныш Ер» ЖШС, «Ақ жол» ЖШС, «Аль-Декей» ЖШС, «Құрылыс Молдашев Е» ЖК. Бес қабаттан тұратын он үйде жалпы саны – 600 пәтер бар. Олардың жалпы аумағы – 33 240 шаршы метр. Ағымдағы жылдың мамыр айында құрылысы басталған нысандар 2020 жылдың маусым айында толық пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 600 отбасы баспаналы болады.

Өз кезегінде аймақ басшысы құрылысты уақытылы аяқтап, тұрғындарға тапсыру керектігін атап өтті.

Одан соң Кентау қалалық «Жастарға қызмет көрсету орталығының» ғимаратында облыс әкімінің төрағалығымен жиын өтті. Кездесуде Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов  «Кентау қаласының 2019-2022 жылдарға кешенді дамыту»  туралы баяндады. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы арқылы Кентау қаласын кешенді дамыту жоспары таныстырылып, алдағы уақытта жүзеге асуы қаралды. Кентау қаласындағы атқарылып жатқан және алдағы атқарылатын жоспарлармен танысқан облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы жоспарларды қолдайтынын атап, алдағы кездесуде жұмысты слайд арқылы емес, істің басында тұрып көрсетуді қолға алу қажеттігін  ескертті.

«Кентау Түркістан облысының орталығына шекаралас жатқандықтан Түркістанмен бірге көркейетін қала. Сондықтан әрбір атқарылған жұмыс сапалы және жүйелі түрде атқарылуы керек», – деді аймақ басшысы Ө. Шөкеев.  

                                                                                                                

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА БИЫЛ 6,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА БИЫЛ 6,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Өндірісі мен инфрақұрылымы дамыған Еңбекші ауданына биыл 6,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Қала бойынша инфрақұрылым жағынан алдыңғы қатарда тұрған ауданда...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

БАХТЫБЕК ТАЛҚАМБАЕВТЫҢ СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

БАХТЫБЕК ТАЛҚАМБАЕВТЫҢ СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте арт-терапевт Бахтыбек Талқамбаевтің сурет көрмесі ашылды. Көрменің басты ерекшелігі — автордың «12 сиқырлы шаршы» атты тың жобасы. Аталған әдіс...

МҰХТАР ШАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

МҰХТАР ШАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өмірден өткелі 30 күннен асса да, ел жүрегіндегі орны бөлек....

МАУСЫМДЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫН БОЛЫҢЫЗ!

МАУСЫМДЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫН БОЛЫҢЫЗ!

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шаһарда шомылуға рұқсат етілген үш орын бар. Одан өзге жерде суға түскен азаматтарға әкімшілік шара қолданылады. Бұл туралы шомылу маусымындағы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.