Мемлекет басшысы қысқамерзімді демалысқа шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22 шілдеден бастап төрт күнге демалысқа шықты. Президент демалыс күндерін Қазақстан аумағында өткізеді», — деп хабарлады Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz