• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қазан 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Борыш жүктемесін азайту: Министрлік ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді

20.07.2019
0

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі борыш жүктемесін азайту туралы ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Борыш жүктемесін азайтуға кім құқылы?

Төменде көрсетілген санаттағы борышкер азаматтардың кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша борыштық жүктемесін азайтуға құқығы бар (2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша):

көпбалалы отбасылар;

асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлемдер алатын отбасылар;

мүгедек балалары бар және 18 жастан асқан бала кезінен мүгедек балалары бар отбасылар;

атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар;

жетім балалар; ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған,

29 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

Бұл ретте тұтынушылық қарыз шарттары бойынша жалпы берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауға тиіс.

Тұтынушылық кредиттерді өтеу механизмі қандай?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған санаттарға сәйкес келетін азаматтардың тізімін қалыптастырады. Бұл тізім «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ға ұсынылады, ол Екінші деңгейдегі банктермен (ЕДБ) және микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) өзара іс-қимыл жасай отырып, борышкерлер тізімін қалыптастырды, берешек соманы есептеп, ақпаратты Проблемалық несиелер қорына береді.

Қор әрбір ЕДБ-мен және МҚҰ-мен 2019 жылғы 9 тамызға дейін берешекті өтеу туралы келісім жасайды.

Сондай-ақ, аталған тізім негізінде Проблемалық кредиттер қоры өтінім қалыптастырып Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қаржыландыру үшін ұсынады. Министрлік үш жұмыс күні ішінде қаражатты Қорға аударады.

2019 жылғы 2 қыркүйекке дейін Қор банктер мен микроқаржы ұйымдарының шоттарына ақша аударып, азаматтардың қарыздарын 2019 жылғы 5 қыркүйекке дейін өтейді де, борышкерлерді берешектің өтелгені және берешек қалдығының мөлшері туралы хабардар етеді.

ЕДБ және МҚҰ 2019 жылғы 9 қыркүйекке дейін қарыздар бойынша төлемдер графигін қайта қарауды жүзеге асырады және Қорға әрбір борышкер бойынша берешектің өтелгені және оның қарызы туралы ақпарат ұсынады.

Қор 2019 жылғы 13 қыркүйекке дейін ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берешекті өтеудің жүзеге асырылғандығы туралы ақпаратпен қоса адамдардың тізімін ұсынады.

Борыш жүктемесі азайтылған адамдардың санатына жататынымды қалай біле аламын?

Борышкерлер тізімін қалыптастыру өтініш берушінің қатысуынсыз мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылатын болады.

2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап, барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін берешекті өтеу жөніндегі ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласу немесе «электрондық үкімет» egov.kz веб-порталы арқылы алуға болады.

Әлеуметтік статусты «электрондық үкімет» веб-порталындағы тиісті қызметті пайдалана отырып білуге болады. Қызмет 2019 жылғы 22 шілдеден бастап қолжетімді.

Егер отбасының бір мүшесінде бірнеше қарыз болса, тұтынушылық кредитті өтеу шарттары қандай?

Біріншіден, тұтынушылық қарыздардың барлық шарттары бойынша жалпы берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауға тиіс.

Екіншіден, бір қарыз алушыға қарыздың жалпы сомасының 300 мың теңгеге дейінгі берешегі өтеледі. Мысалы, АӘК алатын отбасында отбасы мүшесінің біреуіне ресімделген жалпы сомасы 2,5 миллион теңге мөлшерінде екі тұтынушылық кредиті бар. Бұл жағдайда екі кредит бойынша жалпы сомасы 300 мың теңгеге дейінгі берешек өтелетін болады.

Егер отбасының бірнеше мүшесінде тұтынушылық кредит болған жағдайда қарыз қалай өтеледі?

Егер отбасының бірнеше мүшесінде кредит болса, яғни қарыз шарттары әрқайсысына бөлек жасалса, онда берешекті өтеу әрбір қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады.

Мысалы, егер отбасының екі мүшесіне екі кредит ресімделген болса, онда әрбір қарыз шарты бойынша олар 300 мың теңгеге дейін өтеуге құқылы. Яғни, берешекті өтеудің жалпы сомасы — отбасының екі мүшесіне 600 мың теңге.

Тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеудің басымдықтары қандай?

Кредиттік бюро негізгі борыш пен сыйақы бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылатын борышкерлерді және олардың қарыздары мен (немесе) микрокредиттерін айқындайды және мынадай басымдықтарды ескере отырып, төлеуге арналған тізімді қалыптастырады:

— бірінші кезекте жылдық тиімді сыйақы мөлшері ең көп қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;

— екінші кезекте 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша ең көп берешегі бар қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;

— үшінші кезекте қарыз және (немесе) микрокредит шартын жасау мерзімі анағұрлым ерте қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі.

Борыш жүктемесін азайту мерзімі қандай?

Тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеу процесін 2019 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

Айыппұлдар мен өсімпұлдар кімге және қалай кешіріледі?

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес айыппұлдар мен өсімпұлдарға кешіру кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына жүргізіледі.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес ЕДБ және МҚҰ берешекті кешіруді есептелген тұрақсыздық айыбы бойынша (өсімпұлдар мен айыппұлдар) 2019 жылғы 30 шілдеге дейінгі мерзімде жүзеге асырады.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Бүгінде Көне шаһарда Бес сусағынан өнер өрілген шеберлер мәдениғт пен өнерді дәріп қала мәдениетін одан әрі көркейтуде. Ұлттық қолөнерді жаңа...

ЖАҢА КОДЕКС ПЕН ТАРИФ САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА КОДЕКС ПЕН ТАРИФ САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген Энергетика, Қаржы, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қала кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты мемлекеттің...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында...

АССАМБЛЕЯ — БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ІРГЕТАСЫ

АССАМБЛЕЯ — БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ІРГЕТАСЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жұмыс сапарымен Шымкентке келді. Әзілханов алдымен Достық үйінде ассамблея құрылымдарының басшыларымен және қаланың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.