• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

Асқар Мамин халықаралық бағыттағы жаңа автожолдың тұсауын кесті

17.07.2019
0

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин және Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов «Бейнеу – Ақжігіт — Өзбекстан шекарасы» бағытындағы халықаралық маңызы бар автокөлік жолының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

ҚР Үкіметінің басшысы «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасының шекарасы» халықаралық автомобиль жолында қозғалыстың ашылу рәсімімен құттықтап, бұл айтулы оқиғаның Орталық Азияның көлік инфрақұрылымының дамуына, сауда-саттық көлемінің артуына, транзиттік әлеуетін іске асыруға серпін беретінін атап өтті.

«Бұл жоба ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен іске асырылды. Бұл жолдың ашылуы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ӨР Президенті Ш.М. Мирзиеев айқындаған стратегиялық әріптестікті қарқынды дамыту символы болып табылады», — деді ҚР Премьер-Министрі.

ҚР Үкіметінің басшысы «ашылу рәсіміне Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев қатысқан бұл жобаның Қазақстанның Өзбекстандағы жылында бастау алғанының терең мәні бары екенін» атап өтті.

«А.ж. сәуір айындағы Мемлекет басшының Өзбекстанға мемлекеттік сапары екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қосымша серпін берді»,- деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.

ҚР Үкіметінің басшысының айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара қарым-қатынас сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге шықты және оң динамикаға ие болды. Оның дәлелі өзара сауда көлемінің жыл сайынғы өсімі болып табылады. Өткен жылы тауар айналымы $3 млрд құрады. Биылғы жылдың басынан бері оң өсім динамикасы байқалуда.

Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов көршілес бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан елдері үшін бұл оқиғаның стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл жобаны табысты іске асыру Жібек жолының сауда ағынына және бүкіл біздің аймақтың дамуына жаңа серпін береді», — деді А. Арипов «бұл автомагистральдің, ең алдымен, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі жандандыру үшін маңызы зор» екенін атап өтіп.

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Асқар Мамин өңірдегі бірқатар инновациялық өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды, өңірде «жасыл экономиканың» дамуымен және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуымен, жаңа мәдени және туристік нысандардың салыну барысымен танысты.

Асқар Мамин Маңғыстау облысында жаңартылатын электр энергиясы көздерінің дамуымен, өңірде автожолдардың салынуымен және қайта жөнделуімен танысты. Өңірде жалпы қуаттылығы 50,6 мегаватт болатын күн және жел электр станцияларын салу бойынша бірқатар жобалар іске асырылған. 2021 жылға қарай өңірде қуаттылығы 147,6 мегаватт болатын жаңартылатын энергия көздері жұмыс істейтін болады деп күтілуде.

ҚР Премьер-Министрі жаңа ықшам аудандарды сумен, жылумен, газбен, электрмен қамтамсыз ету үшін инженерлік желілерді салу бойынша жобалар туралы ақпараттандырылды.

«Шлюмберже» компаниясының мегабазасын аралау кезінде А. Мамин мұнай кен орындарына қызмет көрсету бойынша кәсіпорынның жаңа өндірістік және сервистік мүмкіндіктерімен танысты. Қазіргі кезде компания Қазақстанда тапсырыс берушілердің басым бөлігінің қажеттіліктерін өтеп отыр.

Асқар Мамин жоғары сапалы жол битумдарын өндіретін «Каспи битум» бірлескен кәсіпорын жұмысымен танысты. Бірлескен кәсіпорын құрылтайшылары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «CITIC Kazakhstan» ЖШС. Кәсіпорын 1 млн тоннаға дейін жоғары шайырлы мұнайды өңдеп, көлемі жылына 520 мың тоннаға дейін түрлі маркалы битумдар өндіре алады. 2018 жылы кәсіпорын Қазақстандағы барлық жол битумының 37% шығарды.

«Каспий» тұщыландыру зауытын аралау кезінде ҚР Үкіметінің басшысына зауытты жаңғыртудың екінші кезеңі туралы баяндалды, онда ауыз су өндіруді тәулігіне 40 000 м3 дейін арттыру қарастырылған, бұл Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарының тұрғындарын сапалы аузы сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР Премьер-Министрі жаңа туристік кешеннің және Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталықтың құрылыс алаңдарында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мәдени орталықтың жалпы аумағы 9,5 мың ш.м. құрайды. Нысанды 2020 жылдың соңына қарай пайдалануға беру көзделген.

А. Мамин аралап көрген Каспий теңізінің жағалауындағы заманауи қонақ үй кешені туристерге қажетті барлық инфрақұрылыммен 800 орынға шақталған. Оны 2020 жылы маусымда пайдалануға беру көзделген.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚОРҒАНЫС КУРСЫ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Шымкентте нәзік жандылардың қауіпсіздігін арттыруға арналған «ӘЙЕЛ.ҚҰҚЫҚ.ҚОРҒАНЫС» атты семинар-тренинг өтті. Мұнда қатысушылар өзін физикалық қауіптен қорғаудың қарапайым тәсілдерін меңгеріп, дағдарыс...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ АШЫҚ АЛАҢ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды іс-шара Шымкент қаласында өтті. «Адал азамат» тақырыбында ұйымдастырылған ашық алаңға еліміздің жетекші тарихшы, әлеуметтанушы,...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН 13 ОРЫН

Айғақ медиа
02.09.2025
0

  Шымкентте шомылуға тыйым салынған 13 орын бар. Сәуір айынан бері қала аумағында 155 рейд жүргізіліп, тұрғындарға ескерту жасалды. Қауіпсіздік...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА — 34 ЖЫЛ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Қазақстан – ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан тұңғыш мемлекет ретінде әлем тарихында айрықша орын алды. 1991 жылғы 29 тамызда...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — ЖҮРЕКТЕ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Шымкент қаласындағы «Жұлдызай» балаларды оңалту орталығы тағы да ерекше қуанышқа бөленді. Мұнда дәстүрге айналған «Мектепке жол» атты мерекелік қайырымдылық шарасы...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

САУДА БАЗАРЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ТАЛАП

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Шымкент қаласындағы базарларды жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері күннің екінші жартысында қаладағы ірі сауда орындарының...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.