ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Арыс қаласындағы тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
«Біраз тұрғын үйді тұрақты бақылауға алдық. Егер тіпті желдеткіш немесе терезенің әйнегі сынған болса да, біз бұл жайттардың барлығын ескердік және жөндеуге мұқтаж тұрғын үй нысаны ретінде тіркеуге алдық», — деді Қайырбек Өскенбаев.
15 шілдедегі мәлімет бойынша, Арыс қаласында 1047 үй қалпына келтірілген. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары тағы 4225 жеке тұрғын үй құрылысы мен КПТҮ нысандарында жүргізілуде.
«Айғақ-Ақпарат»