Арыс қаласын қалпына келтіру және тұрғындарға көмек көрсету бағыты басты назарда. Қазіргі таңда қалада азық-түлік дүкендері толық жұмыс істеп тұрса, теміржол тасымалы да тұрақталған. Сонымен бірге бүгінгі таңға 3 мыңнан астам үйдің жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, оның 475 -іүй иелеріне берілген. Арыс қаласы бойынша қалпына келтіру шараларына ат салысып жатқан жұмысшылар саны 4 мыңнан асады. Бұл туралы қала əкімі Мұрат Қадырбек баспасөз жиынында мəлімдеді.
Ал «Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры Арыс қаласы бойынша 66 əлеуметтік нысан құрылысын жүргізуде. Оның ішінде 54 білім мекемелері мен 8 денсаулық сақтау нысандары бар. Тиісті жұмыстарға қор тарапынан 30 мердігер компаниялар жұмылдырылып 49 техника мен 1300-ге жуық жұмысшы тартылған. Бұл туралы «Самұрық Қазына» əл-ауқат қорының «Жылжымайтын мүлік» АҚ -ның басқарма төрағасы Арман Жетпісбаев баяндады.