ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы аясында білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов Бірыңғай ұлттық тестілеуде тыйым салынған заттарды қолдану қайта зиянын тигізетіні туралы айтып берді.
«Адам шпаргалканы, ұялы телефонын немесе басқа құрылғыны өзімен бірге алып кіргенде, оның көңілі басқа жаққа алаңдайды. Ол мұны қалай алып өтсем деген оймен назарын басқа нәрсеге аударады. Одан кейін басқалар байқамау үшін қалай алып шығып, қалай пайдалансам деп алаңдайды. Мұның бәрі күйзеліс тудырады және түлекке еш көмектеспейді. Мен адам өзіне-өзі сеніп, дайындалып, оқуы керек деп санаймын», — деді министр.