• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қызылкөпірде боздақтарға арналған белгі тас орнатылды

31.05.2019
0

 «Қаратаудың басынан көш келеді. Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.» Осы Елім-ай әні қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылық, босқан елдің мұң-зарын жырлаған. Тарыдай шашылған тағдырларды естігенде тұла бойыңыз дір ете қалады. Сол оқиғаны бастан кешкендердің бір легі Бәйдібек ауданындағы Екпінді ауылына барып жайғасқан. Ел ауызында әлі күнге дейін «Қызылкөпір» деп аталып жүрген сол аймақта қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай белгі тас орнатылды. Қоршаусыз қалған мазар қоршалды. Сауабы мол игі істі Түркістан облысы мәслихатының депутаты Дулат Әбіш бастаған. Халықтың қалаулы азаматы ағайындардың басын біріктіріп өткенге – салауат айтып, келешекке — аманат артты.

 Ашаршылық, қуғын-сүргін талайды сарсаңға салып, қасірет шектірді. Кеңестік биліктің кесірінен елі мен жерін амалсыз тастап кеткендер қаншама? Мәселен, Қазақстанның орталығы Жезқазған, Ұлытау жеріндегі ағайындар көрші Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне барып бас сауғалаған. Арада уақыт өткен соң, Ұлы көш 1946 жылдар шамасында жазушы Мұхтар Әуезовтың шығармасына арқау болған Қызылкөпір жеріне келіп қоныстанады. Соғыс жылдарынан кейінде талай тауқыметті бастан кешіпті. Міне, сол ұрпақтың ата-бабалары жатқан бауырластар зираты ескі жұртта қалып, қараусыз болған. Осы мәселе Түркістан облысы мәслихатының депутаты Дулат Әбіштің жүрегін қозғап, ескерткіш орнатуды ойға алады. Оған Бәйдібек ауданы мәслихатының депутаты Айдар Байысбеков, ұлағатты ұстаз Сейфулла Шадыходжаев, кәсіпкер Төлеген Ырысбайұлы ат салысқан. Сауапты іс қасиетті айда жүзеге асып отыр.

 Бұл қойылған қара түсті белгі тас талай сырды шертіп тұр. Елім-ай әнінің төрт шумағын оқып жүрегіңіз ауырады, бауырластар зиратына жерленген марқұмдардың тізіміне көз жүгіртсеңіз жаныңыз сырқырайды. Тіпті осы зиратта жатқан 13 балақайдың қазасын естісеңіз көзіңізге мөлдіреп жас келеді. Қиын-қыстау, медицина дамымаған 1953 жылдары 13 бала қызылша дертін жұқтырып, қыршын кеткен. Егер сол балақайлар тірі болғанда мүмкін бірі ғалым, бірі дәрігер болар ма еді. Өйткені, солармен қатарлас тай-құлындай тебісіп өскен Ағабек Қарабеков еліміздің медицина саласына өлшеусіз үлес қосты. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Ағабек Қарабековте осы жердің тумасы. 2015 жылы дүние салған Мемлекеттік сыйлық иегерінің есіміде ескерткіштің бір бөлігіне жазылған. Бұл аға буынның келер ұрпаққа аманаты, ұмытылмас тарихы.

Айлардың сұлтаны – Рамазан, күндердің сұлтаны – жұмада жиылған жұрт бабалар рухына арнап құран бағыштады. «Өлі разы болмай – тірінің тіршілігі дұрысталмайды» деген ұрпақтың айрандай ұйыған бірлігі талай жұртқа үлгі. Иә, ағайынның арасы араласқанда жақындайды, осындай игі тірлікте басқосады.

«Елім-ай» әніндегі тарихи оқиға қариялардың есіне түсті білем, демдерін іштеріне тартып, өкінішпен күрсінді. Бала кезде үлкендердің аузынан естіген сұмдық оқиғалар бұл қарттардың санасында сақталып қалған. Әрбірін сұхбатқа тартқанда көздеріне мөлдіреп жас келіп, ата-балаларына деген сағынышты сездік. Қызылкөпірде өсіп, тұрмысқа кеткен, бүгінде ақ жаулықты ана атанған апаларымызды да осы дүйім жұрттың ортасынан байқадық.

Ежелгі Қызылкөпір елді мекенінен өмір жалғастырған ұрпағы бүгінде тамырларын тереңге жайып, еліміздің барлық аймақтарында өмір сүріп жатыр. Міне, сол азаматтар ескі жұрттағы бауырластар зиратына келгенде енді ескерткішке жазылған жазуларды оқитын болады. Ата-бабаларының тізімі жазылған белгі тасқа көз жүгіртіп, есімдері есте қалмақ. Жаратушы иеміз кімде-кім ағайынмен қарым-қатынасты жақсартып, ата-бабаларды ұлықтаса сауап жазам деген. Ендеше жиылған жұрттың ниеттері қабыл болсын. Ағайын-туыстың басы осыдан кейін аста жиылды. Еске алу дастарханында күллі әруақтарға арнап құран оқытылып, Алладан тілек тілеп қол жайды. Қадір түні күнімен тұспа-тұс келген дұға қабыл болсын.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.