Қарқаралыда Абайға ескерткіш орнатлды. Мүсінші ұлы ақын мен ойшылды Құнанбайдың әкесімен бірге бейнелейді. Композиция мыстан жасалған, биіктігі-4 метр, деп хабарлайды Қарқаралы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Ескерткіш мешіт жанында орнатылған. Алла үйін 1851 жылы Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болған Құнанбай Өскенбайұлы салған.
Мүсіндік композицияның авторы — Сәкен Дәулетбаев. Оның ойынша, ескерткіш медреседен үйге оралған жас Абайды әкесі қарсы алған сәтін бейнелейді.
Монументтің ашылу салтанатына Абай ұрпақтары, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан және Шығыс Қазақстан облысынан келген қонақтар қатысты. Облыстық және республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.