• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Ғабидолла Әбдірахымов мегаполис тұрғындарын бірлік пен сенімге шақырды

22.05.2019
0

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов мегаполистегі тұрғындарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырып отыр. Қазақтың «Бірлік бар жерде — тірлік бар» деген қанатты мақалын тілге тиек еткен ол — сенім керек дейді. Мегаполис мэрі Қазақстан xалқы Ассамблеясының сессиясында ойында жүрген мәселелердің барлығын жайып салды. «Қоғамдық келісім формуласы: бірлік пен жаңғыруға» тақырыбында өткен жиында қазақ xалқына мың алғыс айтқандар көп.

Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда өткен Ассамблеяның XVII сессиясына Шымкенттен 26 өкіл қатысқан болатын. Сол басқосу бұл жолы мегаполисте жалғасын тапты. Көп ұлттың шоғырланған шаһарында өткен Ассамблея отырысы бұл жолы жиылған жұртқа бір серпіліс берді. Мінберге шыққандардың көпшілігі қағазға үңілмеді, баяндамаға аса қатты мән бермеді. Жүрекпен сөйлеп, көкейінде жүрген пікірлерін айтты. Мәселен, Ғабидолла Раxматоллаұлы баяндамаға қарағанда, жиылған жұртқа тіке қарап өз ойын ашып айтқаны көңілге жылу ұялатты.

Шымкентте 130-дай мектеп болса, соның 70-і түрлі ұлттың тілдерінде білім береді. Және барлық этно өкілдеріне тілін, салт-дәстүрін сақтап қалуға мүмкіндік жасалған.

Сондай-ақ, биыл қалада жастар мәслиxаты құрылып, онда барлық ұлттың үздік жастары сайлана алады. Қала әкімі осыны алға тарта отырып, біз керемет елде өмір сүріп жатырмыз дейді. Бірнеше шет мемлекетте болып, олардың өмірімен таныс болған әкім Қазақстан нағыз еркін, өмір сүруге лайықты жер екенін қуана жеткізді. Қасиетті Рамазан айында дүйім жұртты шүкірлік етуге шақырды.

Миллион тұрғыны бар Шымкент қаласы әкімдігінде қанша қызметкер жұмыс істейтінін білесіз бе? 700 мемлекеттік қызметкер халыққа қызмет етеді екен. Бұл көп емес. Керісінше жетіспейді дейді мегаполистің басшысы. Мемлекеттік қызметкерлерге дүрсе қоятын тұрғындарға Әбдірахымов өтініш айтты. Оларда біреудің аялап отырған ұлы мен қызы, ата-анасы. Сондықтан өмір – өзен деп аталатын бұл жалғанда бір-бірлеріңізді сыйлай біліңіздер, кешірімді болыңыздар. Бұл мегаполис басшысының тұрғындарға өтініші болатын.

Қазақстан халқы Ассамблеясының I сессиясында сөз алып, мінберге шыққан этнос өкілдер қазақ халқына алғыс айтумен болды. Бір кездері тағдырдың басқа жазған тартуымен департацияға ұшырап, қонысын Қазақстанға көшіргендер түрлі сынақтан өткен. Ата-бабаларымыздың кең пейлі мен ынтымағының арқасында аман қалғандар өткен оқиғаларды еске алап, ішкі сырымен бөлісті.

Шымкенттің әл-ауқаты жыл сайын көтеріліп келеді. Қазынаның бюджеті биыл 200 млрд. құраса, келер жылы 300 млрд. жетеді деген болжам бар. Сондықтан жағдай жақсарады дейді. Шымкенттің әкімі дәл осы басқосуда жақсы пікірлерімен бөлісті. Әр адам өмірінде қателеседі. Бірақ кешірімді болуымыз керек. Татулық — табылмас бақыт. Сондықтан сізде, бізде бақытқа, жетістікке бірге жетуге талпынайық. Бұл Шымкент қаласы әкімінің түйінді ойы болатын.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.