Төлеби АІІБ-нің полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында жергілікті тұрғындардың автокөлігін ұрлаған 1995 ж.т. Төлеби ауданының тұрғынын құрықтады. Тергеу барысында 21 жастағы күдікті азаматтың 2016 жылы ақпан айында орын алған 4 автокөлік ұрлығы жайтына қатыстылығы анықталып отыр. Жас азамат аулада, үй маңында көліктерінің есіктерін ашық қалдырып кеткен автокөлік иелерінің жауапсыздығын пайдаланып ұрлап отырған. Сонымен, ағымдағы жылдың 27 ақпан күні, сағат 22.00 шамасында Төлеби ауданы, Сұлтан-Рабат елдімекенінде мас халде болған күдікті 27 жастағы жергілікті тұрғын өзінің үйінің алдына есігін ашық, қозғалтқышы қосулы күйде қойған, бағасы 700 мың теңге тұратын «Опель-Астра» маркалы автокөлігін ұрлап кеткен. Одан соң, жас жігіт біраз жүріп барып ұрланған көлікті жолда тастап, оқиға орнынын бой тасалаған. Тәртіп сақшылары күдіктінің Төлеби ауданында орын алған 5 автокөлік ұрлығына қатыстылығын анықтады. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 4 миллион теңгені құрайды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 200-бабымен «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Айғақты зат ретінде тәркіленген автокөлік өз иесіне тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі