• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ОҚМУ түлектері жұмыспен қамтылуда

04.05.2019
0

Өзінің құрылған уақытынан бері аға буынның бірнеше легін ауыстырып, өскелең жас ұрпақты білім көкжиегіне шығарған қарашаңырақ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жас маман – 2019» атты бітіруші түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Аталған іс-шараға өңірдегі жұмыс беруші көптеген мекемелердің басшылары, олардың арнайы өкілдері, университеттің бітіруші түлектері, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды ашқан университет ректоры Дария Қожамжарова: «Біз бүгін тағы да бір тарихи күннің куәсі болып отырмыз. Жүсіп Баласағұнның: «Әр бала – жұлдыз. Жарқырауына жәрдем ет» деген даналық сөзі бар. Адамның жас кезінде бойына сіңірген білімі мен ғылымы – келешекте барлық игілік пен байлықтың, бақыт пен берекенің, дәулеттің қайнар көзі болмақ. Бүгінгі біздің жұмыс берушілеріміз 4 жыл бойына алған білімін болашақта еліміздің дамуы үшін аянбай тер төгуге жұмсайтын мамандарды таңдап, олардың саналы азамат болып қалыптасуына себепкер болмақ» деп жәрмеңкенің салтанатты ашылуымен құттықтап, университеттің соңғы уақыттарда жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.

Университетте оқу-ғылым-тәрбие үрдісін толығымен автоматтандырылған және цифрланған деңгейге көшіру, қызмет көрсетудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін болдырмау, білім беру сапасын арттыру мақсатында «SMART SQUARE» студенттерге қызмет орталығы жұмыс жасайды. Орталық бүгінгі таңда қызметтің 200 түрі бойынша бір жұмыс күнінде 700-ге дейін студенттерді қабылдай алады.

Университет QS World University Rankings рейтнигісі бойынша 480 орынды иеленіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 33 позицияға көтерілді.  Ал, Еуропаның және Орталық Азияның дамушы елдерінің үздік университеттерінің  QS халықаралық рейтингісінде ЖОО 305 университет арасында 99 орынды иеленді.

Университет өзінің 75 жылдық тарихында сан мыңдаған түлектерді ұясынан ұшырды. Бүгінде түлектер еліміздің түкпір-түкірінде абыройлы еңбек етіп жүр. Олардың арасында елімізге ғана емес, әлемге танылған тұлғалар да, ел басқарған басшылар да, Қазақтың намысын қорған батырлар да, өнерімен биікке жеткен жұлдыздар да бар.

Бүгінгі таңда университетте студенттер 95 бакалавриат, 59 магистратура және 19 докторантура білім беру бағдарламалары бойынша білім алады. Биылғы оқу жылында 4206 жас маман оқу орнын аяқтап, жаңа өмірге қадам басады деп күтілуде.

Университеттің бітіруші түлектері өздерінің дарынды қабілеттерінің арқасында қазірдің өзінде-ақ жұмысқа табысты орналасып үлгерді. «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенті Сапарбек Бексұлтан «Түркістан облысы прокурорының кубогын» жеңіп алып, аталған облыстың прокуратура органына жұмысқа орналасуға жолдама алса, энергетика, механика, агрономия, автоматтандыру салалары бойынша 57 жас маман өңіріміздегі өндіріс орындарында жұмыс жасамақ.

Іс-шара аясында 20-дан астам ірі мекемелердің бірінші басшыларына, 200-ге жуық арнайы өкілдеріне университет ректорының алғыс хаты табысталып, екі-жақты әріптестік келісім-шарттарға қол қойылды. Жәрмеңке нәтижесінде жұмыс берушілер бітіруші жас мамандардың 20 пайызға жуығын өз мекемелеріне жұмысқа шақырды.

 Ерғали Қапалов,

ОҚМУ ректорының көмекшісі

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте экологиялық ахуалды жақсарту және ауа сапасын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Қаланың өркендеуі тек жаңа ғимараттар мен жолдардың, өндіріс орындары...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК КАРТАСЫН ӨЗГЕРТЕТІН ЖАҢА ЖОЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте қаланың көлік-логистикалық жүйесін жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жоба қолға алынды. Қала аумағын айналып өтетін ұзындығы 50 шақырымдық жаңа автожолдың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.