Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен белгілі әдебиеттанушы-ғалым Серік Қирабаев төл әдебиетіміздің қазіргі жағдайы мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ, білім және ғылым саласының өзекті мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында Серік Қирабаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Президенті өкілеттігін тоқтату туралы маңызды шешім қабылдағанын атап өтіп, Елбасының алдағы қызметіне табыс тіледі.