Сүйінші! Елімізге белгілі шахматшы, Қазақстанның тұңғыш халықаралық дәрежедегі гроссмейстері Гүлісхан Нахбаева Қазақстанның 7-дүркін чемпионы атанды. Өткен апта басында ару Алматы қаласында спорттың шахмат түрінен Қазақстанның біріншілігі өткен болатын. Онда, жерлесіміз Гүлісхан өзінің дарындылығы мен мықтылығын көрсетіп, қарсыластарынан 2 ұпайға асып түсті. Әйелдер және ерлер арасындағы дүбірлі додада ол тоғыс ойынан жеті ұпай жинап 7 дүркін чемпион болды. Күні кеше, Түркістан облысының мақтанышын жанкүйерлерімен ата –анасы Шымкент әуежайынан қарсы алып, құттықтауларын жеткізді. Гүлісхан Нахбаева жоғарғы дәрежедегі, шахматшы. Ол, математикалық ойында Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген спортшы қыздарын бірі. Сондықтан, оның әр бір жеңісі мақтаныш.