Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында кезінде біздің халықтың мызғымас бірлігі осыдан 30 жыл бұрын халықаралық сарапшылардың болжамын түбегейлі жоққа шығарғандығын айтты.
«30 жыл бұрын ғана халықаралық сарапшылар Орталық Азия, біздің Қазақстан да — жаңа қақтығыс ошақтарына айналатынын болжаған еді. Олар біздің өңірде қантөгістер мен күрестер жүріп жатады деп ойлады. Олар этно және діни сенім бойынша өзгешелікті алға тартты. Өңірдегі мемлекеттердің болашағы жоқ әрі тарих табанында қалады деп сенімді түрде болжам жасады. Бірақ, тәуелсіздік жылдары біз — Қазақстан халқы бұл деструктивті болжамдардың бәрін жоққа шығардық», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы өз сөзінде Қазақстан халқы экономикасы мығым мемлекет құрғанын еске салды. «Біз бірліктің, ішкі саясаттағы прагматикалық бағыттың арқасында тарихтың барлық қақпанын айналып өттік, халықаралық жоғары дәрежеге ие болдық. Ішкі саяси істерді құрып жатқан біздің модель, біздің елдегі ұлтаралық қарым-қатынас уақыттың өзімен сыналып, бүгінгі таңда басқаларға үлгі болып келеді», — деді Елбасы.