• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Желтоқсан 30, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

Еуразия қайта бірігіп жатыр — Нұрсұлтан Назарбаев

26.04.2019
0
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі 2-ші форумының ашылуында Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуеті туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Елбасы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жетістіктерінің бірі — география мен теңсіздік сын-тегеуріндерін орағыту екенін атады.

«Еуразия қайта бірігіп жатыр. Екі мың жыл бұрынғыдай құрлығымыздың шалғай жатқан түрлі бөліктері бір арнаға тоғысты. Қысқа уақыттың ішінде күрделі табиғи ландшафтар мен геосаяси қарама-қайшылықтарды бастан өткеріп, бірлесіп экономикалық дәліз құра білдік. Заманауи логистиканың, мемлекеттердің өзара түсіністігінің арқасында Оңтүстік-Шығыс Азиядағы тауарлар Солтүстік Еуропа қалаларына бар болғаны 2 аптаның ішінде жетіп жатыр. Бұның негізінде прагматизм, өркендеуге ұмтылу жатыр», — деді Н.Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразияның дәл ортасында тиімді орналасқанын еске салды. Біздің мемлекетіміз арқылы Азия мен Еуропа қысқа жолмен байланысып жатыр.

«Қолда бар транзиттік әлеуетті жүзеге асыру мақсатында «Нұрлы жол» ұлттық бағдарламамызды «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен имплементацияладық. Соңғы 10 жылда Қазақстан 30 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты инфрақұрылымды, көліктік-логистикалық активтер мен құзыреттерді дамытуға инвестициялады. 3 мың шақырым темір жолды, 12,5 мың шақырым автомобиль жолдарын пайдалануға бердік немесе жөндеуден өткіздік. Отандық теңіз және әуе айлақтары қайта құрылды. Елімізде қысқа уақыт ішінде заманауи бәсекеге қабілетті транзиттік хаб құрылды. Бұл жолдардың барлығы біз арқылы, Орталық Азия арқылы, біздің көршілеріміз арқылы басқа елдерге өтіп жатыр», — деді Елбасы.

Н.Назарбаев 2016 жылдан бастап «Нұрлы жол» бағдарламасы «Жібек жолы экономикалық белдеуімен» түйіндесіп, табысты жүзеге асырылып жатқанын еске салды.

«Еуропаны Қытаймен Ресей және Қазақстан арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жоғары сапалы құрлықаралық автомагистралі жалғап жатыр. Біздің еліміз Қытайдың Тынық мұхитындағы Ляньюньган айлағында логистикалық терминал салды. «Қазақстан — Түрікменстан — Иран – Парсы шығанағы» темір жолы қайта іске қосылды», — деді Елбасы.
Дереккөз: ҚазАқпарат.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.