Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру “ бағдарламалық мақаласының негізінде ұлы даланың дара тұлғасы болған батыр Жабай батырдың есімі жаңғырды.
Тарихтың терең қатпарында жатқан Сіргелі Жабай батырдың ғұмыр жолы тəуелсіз елдің ұрпақтарына үлгі болары сөзсіз. Бүгін М.Əуезов атындағы ОҚМУ-дағы халықаралық конференцияда ғалымдар бас қосып, ел үшін істеген еңбегін зерделеуде. Өйткені, биыл Ақ тулы Сіргелі Жабай батыр атанған Ұлы Дала тұлғасының туғанына — 290 жыл.
Конференция 3 бағыт бойынша жұмыс жасайды. 1. Ұлы Даланың — Ақ тулы Сіргелі Жабай батырдың рөлі; 2. “Архив 2025 — жаңа деректер, Қазақстандағы гуманитарлық білімдегі өзекті мəселелер; 3. Еуразиялық кеңістіктегі жаңа бағыттардағы зерттеулерді: “Туған жер”, “Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары”, “Қазақстанның киелі жерлерінің географиялық” турасында болмақ.
Конференция барысында Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтен, ғарышкер Талғат Мұсабаевтан, Астана қаласының əкімі Бақыт Сұлтановтан, Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымовтан, Түркістан облысының əкімі Өмірзақ Шөкеевтен келіп түскен құттықтау хаттар оқылды.
Тарихта болмысы — бөлек, бітімі — ерек Сіргелі Жабай батыр тарихта Абылайдың ақ туын батасымен алған деген деректер бар.
Жиынға Өзбекстан, Татарстан, Қырғызстаннан келген ғалымдар да қатысуда.