Қазақстандықтар мамырда жалпы 11 күн демалады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
1 мамыр – сәрсенбі – елімізде мерекелік демалыс – Қазақстан халқының бірлігі күні, ал сейсенбі 7 мамыр күні республикада Отан қорғаушылар күні аталып өтеді. 2019 жылы Жеңіс күні бейсенбіге тап келіп тұр, сондықтан үзіліссіз қатарынан төрт күн демалу үшін, яғни 9-12 мамыр аралығында, қазақстандықтар сенбі 4 мамырда жұмыс жасайды – бұл демалыс 10 мамырға көшіріледі.
Сенбі және жексенбі күндеріне келіп тұрған 18 және 19 мамыр, 25 және 26 мамырды қоса алғанда қазақстандықтар 11 күн демалатын болады.
Мұсылман қауымы ораза тұтатын қасиетті Рамазан айы мамыр айының 5-нен 6-сына қараған түні басталып, 4 маусымға дейін жалғасады. Бір ай бойы ислам дінін ұстанушылар таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ пен судан, сондай-ақ жақындасудан бас тартып, өздерінің бар ойлары мен күштерін Құдыреті күшті Аллаға құлшылық етуге жұмсайды.
Қадір түні («Ляйлятуль-кадр») 2019 жылы 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні болады. Ораза Айтты мұсылмандар 4 маусымда атап өтеді.