Шардара СЭС-інде станциясында ауқымды жаңғырту жұмыстарынан кейін екінші гидроагрегат іске қосылды. Қайта құру нәтижесінде су электр станциясының қызмет мерзімі 35-40 жылға ұлғаяды. Одан бөлек, энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде аталған жоба үлкен маңызға ие.
Орнатылған 4 агрегаттың бәрін де ауыстыру көзделген. Жобаның жалпы құны – 38 млрд теңге. Мердігері – австриялық-германиялық Andtitz Hidro GmbX компаниясы. Станцияның технологиялық жабдығы 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, жаңғырту жобасының басталуына қарай ол 100%-ға жуық тозығы жеткен болатын.
Ауқымды қайта құру СЭС-тің қуатын 26 пайызға – қазіргі 100 МВт-тан 126 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жыл сайын қосымша 57 млн кВт/сағат электр энергиясы өндірілетін болады. Жаңа жабдық су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартып, СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырады және авария қаупінің деңгейін төмендетеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының сөзінше, бұл жоба энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие.
Алғашқы екі су агрегатын пайдалануға тапсырумен бірге, үшінші агрегат бойынша құрылыс жұмыстары қатарласа жүруде. Сонымен бір мезгілде төртіншісі орнынан алынады. Бекітілген кестеге сай, бұл уақытта осыған дейін іске қосылғандары жұмыс істеп тұрады. Осылайша, жұмыс жоспарына сай, төрт су агрегатының бәрін де жаңарту көзделуде.