Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау әкіміне Әбіш Кекілбаев музейінің құрылысын уақтылы аяқтауды тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
«Киелі өлкеден шыққан айтулы тұлғаларды барша халқымыз жақсы біледі. Солардың бірегейі — заңғар жазушымыз, мемлекет қайраткері, қазақтың абызы атанған Әбіш Кекілбаев. Қазір Әбіш Кекілбаев музейі салынып жатыр. Облыс әкіміне құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы бітіруді тапсырамын. Мерейтойды біз тұтас ел болып, жоғары деңгейде атап өтеміз», — делінген хабарламада.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz