• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Еліміздің түкпір — түкпірінен келген гинеколог дәрігерлер алғаш рет Шардара ауданында бас қосты

10.04.2019
0

Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен Шардарада “Тиімді перинаталды технологиялар” республикалық ғылыми — тәжірибелік конференция басталды. Бұрын соңды болмаған ауқымды жиынға Нұр — Сұлтан, Алматы, Қызылорда қалалары мен Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан арнайы келген 100- ге жуық  гинекология саласының білікті мамандары тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысына табан тіреді.

-Республикалық жиынның нәтижесі барлығымыз үшін тиімді болары сөзсіз. Жоғары деңгейлі медицина ұйымдары мамандарының шалғайдағы Шардара ауданында бас қосып, осы жерде білімін жетілдіруі осыған дейін болмаған жайт. Біз үшін бұл қуанышты сәт, мақтанарлық жағдай. Дәл осы Шардара ауданында соңғы 4 жылда бірде бір ана өлімі болмаған. Бұл біздің мамандардың үлкен жетістігі, деді Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

Түркістан облысында жылына 50 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 5/1 бөлігі. Ел демографиясына елеулі үлес қосып келетін өңірде ауқымды жиынның өтуі заңды, делінді жиын барысында.
Ал Шардара аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерінің біліктілігі мен ондағы
техникалық жабдықтау жағының алдыңғы қатарда екені дәл осы өңірде бас қосудың тағы бір себебі болып отыр. Шетелдіктер, атап айтсақ Литвалық мамандар жұмыстың қайнаған ортасы ретінде Түркістан облысын үлгі етеді, деп атап өтті Елордалық мамандар.

-Біз еліміздің білікті мамандарының басын қостық. Мұндай жиындар елеулі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Туу көрсеткіші бойынша елімізде алда келетін Түркістан облысында дәрігерлерге де салмақ түсетіні айдан анық. Дәл осы ретте сіздердің дәрігерлеріңіздің кәсіби біліктілігі мен еңбекқорлығын айта кетсем. Түркістан облысы — үлгі аларлық өңір. Бұл басқосуда тиімді перинатальды әдістерді енгізу мен тәжірибе алмасу барлық өңір мамандары үшін аса маңызды, деді Алматы қаласындағы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Динара Мирзахметова өз сөзінде.

Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау басқармасының бас сарапшысы Жанар Садуова мен Алматы қаласындағы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Динара Мирзахметова бастаған қонақтар Түркістан облысының дәрігерлерімен бірлесіп
ана мен нәрестелердің дансаулығын нығайту, ана мен перинаталды өлім-жітімді азайту мақсатында тиімді перинаталды технологияларды енгізуге қолдау көрсету мен жүкті әйелдерге антенаталды көмек беруге бағытында тәжірибе алмасуда. Жиында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған халықаралық технологиялардың дәлелді медицинасына негізделген тиімді перинаталды күтім, сәбидің туа біткен кемістіктерін уақытылы анықтау үшін генетикалық және ультрадыбыстық скрининг жасау секілді маңызды мәселелер ортаға салынды.

Айта кетсек, ана мен сәби денсаулығы еліміздің демографиялық, экономикалық, еңбек, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс әлеуетінің негізін қалыптастырады. Сондықтан да, ана мен бала денсаулығын қорғау – республикадағы денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі.

Шардара аудандық орталық ауруханасы, перзентхана бөлімі «Қазақстан Республикасында акушерлік — гинекологиялық көмекті көрсету стандарты» бойынша І деңгейлік перинатальды көмек көрсететін ұйым болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары мен ҚР ДСМ диагностика және емдеу протоколдарына сәйкес жүкті, босанатын және босанған әйелдерге жүйелі көмекті ұйымдастыру жұмыстары жетік меңгерілген. «Қауіпсіз жүктілік», «Тиімді перинатальды технологиялар» бойынша босануды жүргізу, жаңа стандарттарға сәйкес 3Н жүйесі бойынша аса ауыр жағдайлардағы көмек көрсету дер кезінде жүзеге асырылып келеді.
Босану бөлмерінде (индивидуальные родовые палаты), жүкті әйелге керекті жағдайлар толық жасалынған. ДДСҰ — ның ұсынысы бойынша босануды тігінен жүргізу мақсатында, жүкті әйелдерге қауіпсіз және ыңғайлы болуы үшін, ескіні заманауи талаптарға сай жаңарту мақсатында, «арқанға асылып босану» тәжірибесі қолға алынуда. 2017 жылмен салыстырған 2018 жылы босану саны 991 -ден 1063 ке артқан. «Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы»,  Алматы қаласы «Акушер — гинекология және перинатология ғылыми институты» және «Шардара аудандық ауруханасы» басшылық құрамының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің қолдауымен Республикалық ғылыми — тәжірибелік конференция ұйымдастырылуы, өңіріміздегі ана мен бала ахуалының жақсаруына, әр шаңырақтың бала күлкісінің сыңғырына бөленуіне, еліміздің демографиялық көрсеткішінің өсуіне, ана және бала өлім көрсеткіштерін төмендету мақсатында жасалып жатқан үлкен қадам. Болашақта перзентхана бөлімінің жұмысын жаңа ІІ деңгейге көтеріп, жүкті әйелдерге аудан көлемінде босануға жағдай жасалынбақ.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ з

Айғақ медиа
19.12.2025
0

№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

265 ҮЙ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Қызылжар-2 шағынауданында жылдар бойы шешімін таппай келген инфрақұрылым мәселесі шешілді. Көктемде өткен көшпелі кездесуде тұрғындар ауыз су тапшылығы, газдың жоқтығын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Бұл ауқымды жоба экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындарға заманауи әрі қауіпсіз...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.