• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Желтоқсан 29, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ТОҚАЕВ — ПРЕЗИДЕНТ БОЛУҒА ЛАЙЫҚ БІРДЕН-БІР СЕНІМДІ КАНДИДАТ (САУАЛНАМА)

06.04.2019
0

Арнайы жүргізілген сауалнамалар қорытындысына сенсек, Қазақстан халқы елорда атауының өзгеруі туралы шешімді оң қабылдаған. Сұралғандардың 42%-ы Елбасы есімінің мәңгілік тарих беттерінде қатталып, астанамызбен бірге жасай беруіне қарсы емес. Сондай-ақ, респонденттердің 40%-ы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Мемлекет басшысы қызметіне лайық бірден-бір сенімді кандидат ретінде қарастырып отыр. Бұл туралы zakon.kz сайты жазды.

Сауалнамаға Астана, Алматы, Шымкент сынды ірі қалалар мен 14 облыс орталығынан 1813 адам қатысты. Сұрақтарға жауап бергендердің 75%-ы әйелдер қауымы болса, 25%-ы — ер азаматтар. Сұхбат 29-30 наурыз аралығында, яғни екі күн бойы телефон арқылы жүргізілген.

Қазақстандықтар (сұралғандардың 87%-ы) Елбасының Президент ретіндегі елеулі еңбегін лайықты бағалап, соңғы саяси оқиғаларға оң көзқарас танытқан. Оның өз еркімен орын босатқанын респонденттердің 44%-ы уақытылы және құрметке лайық көреген шешім деп есептейді.

Ақордадағы билік табыстау процесін, сондай-ақ Назарбаевтың басшылықтан кетуін отандастарымыздың 44 %-ы қолдаған. 23%-ы бұл жағдайдың болғанына әлі де сене алмай, түсініксіз күйге түсіп, болашақтан не күтерін білмейтін боп шықты. Ал, 16%-ы саяси транзитке бейтарап қарап, басқарушы билік де-факто Елбасының қолында қалды деп есептейді. Азаматтардың 12%-ы Нұрсұлтан Назарбаев соңына дейін өз орнында қалуы тиіс деп ойласа, 4%-ы әлдеқашан орнын босатуы керек еді деп біледі.

Жалпы алғанда, Назарбаевтың Президент ретіндегі еңбегін ересек тұлғалар, яки аға буын жоғары бағалап отыр. Сауалнамаға қатысқандардың арасында 60 жастан жоғары азаматтардың 90%-ы оның қызметі мен қайраткерлігін лайық бағаласа, 30-39 жас аралығындағы респонденттердің 82%-ы дәл осындай пейіл танытқан.

Қорытынды есептемеде, ел азаматтарының Назарбаевтың қандай еңбектерін аса жоғары бағалайтыны да көрсетілген. Нәтижесінде, олардың 50%-ы бейбіт өміріміз бен аспанымыздың ашықтығына шүкіршілік етіп, алғыстарын білдірген. Тиісінше, олар мемлекетіміздегі ұлтаралық татулықты сақтай білгенін — Тұңғыш Президенттің басты жетістігі деп санайды.

Сұралғандардың 40%-ы Елбасының тәуелсіз Қазақстанды аяққа тұрғызып, оны дамыған 50 елдің қатарына қосқанын — жоғары баға мен құрмет-қошеметке әбден лайық іс деп біледі.

Сондай-ақ жұртшылық Мемлекет басшысы ретінде қызметке кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевқа көзқарасын білдіріп, тиісті бағасын берген. Респонденттердің 40%-ы Қасым-Жомарт Кемелұлын Президент болуға лайық бірден-бір сенімді кандидат ретінде көрсе, 5%-ы ғана шүбәлі.

Бұдан бөлек, жауап бергендердің көп бөлігі Астана атауының Нұр-Сұлтан боп өзгеруін қолдаған. Олардың 42%-ы «Толықтай қолдаймын, Тұңғыш Президенттің есімі тарих парақтарында мәңгілікке бедерлеуіне тиіс» дейді. 35%-ы теріс пікір ұстанады. Оған себеп — «бұл іс мемлекеттік шығандардың көбеюіне әкеп соқтырады» деген ой. Ал, 24%-ы өзгерістерге аса мән бермей, селқос қарайтын боп шықты.

Нақты деректерге сүйенсек, аймақтар арасында елорда атауының өзгеруіне қарсылық танытқандардың көбі — астана тұрғындары, яки бұл 28% қолдаушыдан бөлек, 48% — теріс пікірді ұстанатындар. Жаңа атауға көңілі толмайтындардың арасында Атырау халқы да көш бастап тұр: 48%-ға қарсы 28%. Ал, Алматы тұрғындарының 41%-ы қолдау білдіріп, 39%-ы Астана атауының өзгермегенін қалаған.

Еліміздің солтүстік және батыс өңірлері тұрғындарының едәуір бөлігі астанамызға қатысты жаңа бастаманы құптамаған. Керісінше, оңтүстік жұртшылығы Астананың Нұр-Сұлтан боп өзгеруін қолдаған.

Сауалнама қатысушыларының 43%-ы Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы кезеңдегі басты міндеттерінің бірі — Назарбаев ұсынып, бастапқы нәтижелері әлдеқашан көрініп үлгерген мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын оңтайландыру әм жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру. Ал, 20%-ы әлеуметтік жобалардың көбеюуі керек деп есептейді. Коррупцияға қарсы күрес — екінші орынға қойылған. Оны респонденттердің 24%-ы  қолдап отыр. Сондай-ақ, жауап бергендердің 12%-ы шағын және орта бизнесті қолға алып, нақты істермен айналысу керек деп санайды.

Дереккөз: Ұлт порталы.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.