Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, — деп хабарлайды Ақорда.
«1992 жылы келіссөздерді дайындауға қатысқаным есімде. Сол келіссөздерден соң екі ел арасында одақтастық қарым-қатынастар орнады. Одақтастық қарым-қатынастардың не екенін жақсы түсінеміз, ондағы міндеттерді де жақсы білеміз. Осыған байланысты Екатеринбурге қол қойған келісімшартымыз әрі қарай барлық салада ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпалын тигізетіні сөзсіз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтынын айтты. 
«(…) Менің міндетім осы стратегияны, әсіресе, Ресей Федерациясына қатысты стратегияны жалғастыру. (…) Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту үшін қолдан келгенді жасаймын», — деді Тоқаев.
Еске салайық, кеше Тоқаевтың ресми сапармен Мәскеуге барғаны хабарланған болатын. Президент борты «Внуково-2» әуежайына Нұр-Сұлтан уақытымен 14.00-де келген болатын. Басқышта мемлекет басшысын Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин, Ресей Сыртқы істер министрлігі хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев пен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қарсы алған болатын.










