Түркістанда Қазақстан Республикасының астанасын қайта атауды қолдауға бағытталған Түркістан облыстық Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мәжілісі өтті.
Еліміздің белсенді партиялары мен ұйымдары бас қосқан коалиция мәжілісіне «Nur Otan» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» және «Бірлік» саяси партияларының облыстық филиалдары, «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар қоғамдастығы, «Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, облыстық кәсіподақтар кеңесі мен ардагерлер кеңесі және белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Мәжіліске қатысушылар «Біз, Түркістан облыстық Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атауды дұрыс әрі уақытылы шешім деп есептейміз және оны қолдаймыз. Бұл шешімді тарихи әділеттілік және Елбасының Тәуелсіз Қазақстан мен елордамыздың қалыптасуына сіңірген ерен еңбегіне деген зор құрмет ретінде қабылдаймыз.» — деп үндеу жариялады.