
Этно-ауылда 17 киіз үй құрылған, кейбірі мұражай ретінде жасалған. Мұнда елорда тұрғындары мен қонақтары бауырсақ, палау мен басқа да тағамдардан дәм тата алады. Сондай-ақ, қазақ ұлттық киімдерін қарап, театр көріністерін, айтыс пен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттерді тамашалауға болады.

Tengrinews.kz.










