Бейсенбі күні Өзбекстан аумағында 5,1 балдық жер сілкінісі болды, ал Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындары екі балдық жер асты дүмпуінің белгілерін сезінді, деп хабарлады ҚР сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2019 жылғы 14 наурызда Алматы уақытымен 03 сағат 31 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 694 км жерде Өзбекстан аумағында орын алды. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,1, тереңдігі 15 км», — делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, жер сілкінісінің сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша): Сарыағаш ауданында шамамен 2 балл.