• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Шілде 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтөбеде қайтыс болған оңтүстіказақстандық жауынгердің денесін Шымкентке әкеле жатыр

06.06.2016
0

Ақтөбеде антитеррорлық операция кезінде қайтыс болған жауынгердің бірі Оңтүстік Қазақстанның тумасы. Ол 1997 жылы Шардара ауданы, Көксу ауылында дүниеге келген Сапар Досбол Еркінбекұлы. Ақтөбе қаласындағы №6655 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген. Содырлардың оғынан қаза тапқан жас жігіттің денесін бүгін Шымкентке әкеле жатыр. Әуежайда күтіп алу шарасына ОҚО-ның әкімі Бейбіт Атамқұловтың өзі қатысады деп күтілуде. Мұнан кейін, жауынгердің денесін өзі туып-өскен Шардара ауданына апарып, ертең сағат 10-00-де жер қойнауына тапсырмақ.

 

44444

Еске сала кетсек, 5 маусым күні белгісіз тұлғалар Астана уақыты бойынша 15:45-те Ақтөбедегі «Паллада» қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, дүкеннің сатушысын және «Жедел Күзет» күзет агенттігінің қызметкерін өлтірген. Бұдан бөлек оқиға орнына келіп жеткен үш  полицейге оқ атып, жарақаттаған. «Пантера» атты қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасау кезінде келушілердің бірін өлтіріп, екіншісін жаралаған. Бұл жерге келіп жеткен полиция нарядымен арада атыс болып, үш қылмыскердің көзі жойылды, біреуі қолға түсті.

Ұлттық ұлан әскери бөліміне шабуыл жасау үшін содырлар бағдарлық автобусты жүргізуші мен жолаушыларды шығарып жіберіп, басып алған. Кейін автобуспен әскери бөлім дарбазасын соғып кіріп, көзге көрінген адамды ата бастаған. Солайша үш әскери қызметкерді өлтіріп, алтауын жаралаған. Кезекші қарауыл қару қолданып, қылмыскерлердің бетін қайтарған. Оқиға орнына жеткен полиция нарядымен бірлесе олар бір содырды өлтіріп, екіншісін жаралаған және қолға түсірген.

Жалпы, Ақтөбеде антитеррорлық операция кезінде 4 содырдың көзі жойылып, 7-еуі қолға түсті. Оның екеуі жараланған. Қазіргі кезде қалған қылмыскерлерді табу үшін барлық амалдар жасалып жатыр». Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Садубаев хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, шабуылды теріс ағымдағы дін ұстанушылар жасаған. Ақтөбе қаласында антитеррорлық операция режімі жарияланды. Ойын-сауық мекемелерінің жұмысы мен қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылды.

image-06-06-16-02-24-1

 

 

Бөлісу60TweetPin

Ұқсас жазбалар

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 95 мыңнан астам азамат бар. Бүгінде 30-ға жуық мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ...

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 330 дерегі тіркелді. Соның ішінде байланыс SIM-картасының мерзімі жақын арада аяқталатынын айтып, оны қайта іске қосу...

ДОМБЫРАШЫЛАР ШЕРУІ

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ КӨПІРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ

Айғақ медиа
06.07.2026
0

Керім Тіленшин көшесіндегі көпір құрылысының негізгі бөлшектері аяқталуға жақын. Соның ішінде төрт тірек қабырғаның соңғысы құйылуда. Келер аптада теміржолдың екі...

ДОМБЫРАШЫЛАР ШЕРУІ

ДОМБЫРАШЫЛАР ШЕРУІ

Айғақ медиа
06.07.2026
0

Ұлттық домбыра күніне орай Шымкентте «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты мерекелік шеру өтті. Соның аясында теміржол...

САРБАЗДАР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

САРБАЗДАР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Айғақ медиа
04.07.2026
0

Әскердегі тәртіп пен жауынгерлік даярлықтың берік болуы сарбаздың психологиялық жай-күйімен де тығыз байланысты. Осы мақсатта Шымкент гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің...

ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРЛЕРІ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ?

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?

Айғақ медиа
02.07.2026
0

Жаңа Ата заңда адам капиталына қатаң түрде басымдық берілді. Конституцияның 22-бабында көрсетілгендей, әр адам өзінің қай ұлтқа жататынын айқындауға, оны...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.