• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

«Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалы құрылды

08.03.2019
0

2019 жылдың 2 наурызында Түркістан қаласында «Aқ жол» Демократиялық партиясының облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы болып өтті.

Конференцияны кіріспе сөзбен «Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ашты.  Конференцияға «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, Мəжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов, партия Орталық Кеңесі хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов, партияның Орталық аппаратының ревизиялық қадағалау комиссиясының төрағасы Болат Өтепбаев, «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әлімхан Әбжанов қатысып, сөз сөйледі. Сонымен қатар, конференция жұмысына партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов мен Қызылорда облысы филиалы төрағасы Жорабек Пірманов те қатысты.

Конференцияға Түркістан облысының аудандарынан 300  делегат қатысты. Конференцияда екі мəселе қаралды. Олар: 1) 2018 жылдың 13 желтоқсанында Астана қаласында өткен партияның ХlVсъезінің Түркістан облыстық партия филиалын құру туралы шешімін орындау; 2)Түркістан облыстық филиалының төрағасын және кеңес мүшелерін сайлау.

Конференция қорытындысы бойынша Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып кәсіпкер Қаныбек Әбішев Әлмаханұлы бір ауыздан сайланды. Облыстық кеңес  25 адамнан құралатын болды.  Конференция тиісті қаулы қабылдады.

Конференция соңында  А.Перуашев пен Б.Дүйсенбинов Мәжіліс депутаттары  ретінде жұртшылықтың берген сауалдарына тұжырымды жауаптарын берді. Соның ішінде Азат Перуашев Елбасының жуырда ғана көпбалалы аналарға қолдау жөніндегі тапсырмасына кеңірек тоқтап, түсіндірді. Конференцияға қатысқан көпбалалы аналармен кездесіп, олардың сауалдарына жауап қайтарды.

Түркістан облыстық филиалына Ақ  жол!

 

Түркістан – екі дүние есігі ғой.

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңір берген несібі ғой!–

деп,  Алаштың ақиық ақыны Мағжан жырлаған Түркістан бұл!

Түркістан -түгел түркінің қасиетті руxани ордасы. Ел осы Түркістанның облыс орталығы болуын тілеп келді. Елбасы ел тілегін екі есе орындап, Түркістанды облыс орталығы етіп, облыстың да атын Түркістанға ауыстырды. Киелі Түркістан атын иеленулеріңіз құтты болсын, құрметті түркістандықтар!

Жолда біз Есім ханнның бас қолбасшысы болған Алатау батырдың ескерткішіне тағзым етіп,  қасиетті Әзіре Сұлтан – Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне зиярат етіп шықтық. Ондағы бүкіл хандарымыз бен би-батырларымыздың рухына құран бағыштадық.

Түркістанның облысқа айналуына  ұлттық мүддені ұлықтап келе жатқан  «Ақ жол» партиясының да үлесі бар. Біз жыл сайын киелі Рамазан айында қасиетті Түркістанда ауызашар беріп келеміз. Былтыр мамырдың  25-26  күндері    ауызашар өткен күні партияның Орталық Кеңесі пленумын да  өткіздік.  Партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сол  ауызашарда: «Жыл сайын ауызашарда  Түркістанды облыс орталығы немесе республикалық маңызы бар қала етуді  тілейтін едік, қасиетті Рамазан айында тілегіміз періштелердің құлағына шалынып, биыл осы түгел түркі елеңдей күткен игі шара қолға алынып жатыр»-деген еді.

Міне, қасиетті Рамазан айында, киелі Түркістанда айтылған тілекті Алла қабыл алып, Түркістан облысқа және облыс орталығына айналып отыр. «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалы барлық облысқа үлгі боларлықтай алда болуы тиіс. Өйткені, Түркістан мәдениет пен руxанияттың ордасы. Түркістандықтар о бастан саяси сауатты да жауапты болып, қоғамдық белсенділіктерін көрсетіп келеді.  Оны, міне, мынау 350 адамдық залдың ине шаншар ооын қалдырмай толып отырғанынан-ақ білуге болады. Ал қазір Түркістан облысы филиалының тұңғыш төрағасы болып сайланған  іскер кәсіпкер бауырымыз Қаныбек Әбіш Әлмаxанұлы бұл тұңғыш деген сөздің салмағын,  жауапты  міндетті  абыройлы  атқара біледі деп сенеміз! «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиалына Ақ жол тілейміз!

Сөзімді Тұран тұлғасына айналған ұлы Мағжан ақынның өлеңімен бастап едім. Енді өз өлеңіммен аяқтайын:

Алуан үн бойыңда қырқысқанда,

Аруағың жаныңды шын қысқанда,

Бір Құдірет өмірде бар екенін,

Білгің келсе-

Келіп қайт Түркістанға!

 

Қазыбек ИСА

«Ақ жол» партиясы төрағасы орынбасары

Түркістан облысы «Ақ жол» партиясы филиалы төрағасы Қаныбек Әбіш Әлмаханұлының өмірбаяны:

​Туған жылы және жері:

21 желтоқсан 1972 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Октябрдін 50 жылдығы совхозында дүниеге​ келген.

​Білімі:

1990 жылы – Шардара ауданы, Юбелейный орта мектебі түлегі,​
​
2003 жылы​ –​ Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Инженер – металург» мамандығы бойынша бітірген.​
​
2016 жылы​ -​ Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін​ «Экономика»​ мамандығы бойынша бітірген.
​

Жұмыс тәжірибесі:

1990-1991​ жылдары Шымкент қаласы қорғасын зауытында ағаш ұстасы мамандығы бойынша жұмыс атқарған.
​
1997-1999 жылдары Шымкент қаласы «Батсу» ЖШС ​​жеткізуші мамандығы бойынша жұмыс атқарған.
​
2000-2001 жылдары «Батсу» ЖШС қыш зауыты директоры қызметін атқарған.
​
2001-2003 жылдары «Энергосбыт» ЖШС директоры қызметін атқарған.
​
2003-2007 жылдары «Батсу Агро» ЖШС директоры қызметін атқарған.
​
2007 жылдан осы уақытқа дейін «Ордабек» ЖШС директоры қызметін атқаруда.

​Отбасылық жағдайы

Үйленген, 1- ұл, 3- қыз өсіруде.

qazaquni.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.