• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Тамыз 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ КІРПІШІН КҮЙДІРГЕН ПЕШ ОРНЫ ТАБЫЛДЫ

28.02.2019
0

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің археологиялық тобы Түркістан қаласы аумағындағы Қарашық өзенінің бойында XIV ғасырдың балшықтан жасаған кірпіштерді күйдіретін пештің орнын және антикалық дәуірге жататын Қарашық-1 қалашығынан түсті металл балқытатын пеш орнын анықтады, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

-«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мәселесін де көтергені белгілі. Аталған мақала аясында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі бірінші ақпаннан бастап Түркістан археологиялық тобын құрып, тарихи ақпараттар негізінде археологиялық зерттеу жұмыстарын бастаған болатын. Осы жұмыстардың нәтижесінде​ Қарашық өзені бойындағы кірпіштерді күйдіруге арналған пештер Қожа Ахмет Ясауи кесенесі салынған кезде пайда болған деген болжам жасалуда. Сонымен қатар, б.э.д. VI-III ғасырларға жататын Қарашық 1 қонысының жанында түсті металл балқытуға арналған пеш орны да​ Қарашық өзені бойынан анықталды. Қорық-музейдің басты бір мақсаты — кесененің ең құнды жәдігері Тайқазанның металлын балқытып жасаған пешін анықтау. Бұл бағытта зерттеу, зерделеу жұмыстары жүруде»,-дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

Археолог ғалымдардың пікірінше Ясауи кесенесінің кірпіштеріне арналған топырақ Саураннан алынып, осы​ жерде дайындалуы әбден мүмкін. Бұл пікірді растайтын бірнеше дәлелдер де бар.​
-«Өздеріңіз көріп отырғандай, осы аумақта кірпішті күйдіріп, даярлауға арналған үлкен орын болғаны анықталуда. Қазба жұмыстары нәтижесінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кірпіштеріне ұқсас өнімдер шығуда. Кесененің кірпіштерін осы жерде даярлауы мүмкін деген болжамымыздың бір дәлелі осы болса, екіншіден кірпіштерді жасауға шикі затты (балшықты) жасауға өте көп мөлшерде су қажет. Өйткені балшығын дайындау алдында топырақты қайта қайта сумен шайып, оны тұздан тазалайды. Бұл процес сапалы кірпіш жасау үшін өте маңызды болып келеді. Сондықтан кірпіш күйдіретін пешті өзеннің жағасында салған тиімді. Экономикалық тұрғыдан қарағанда топырақты Сауран өлкесінен тасып әкеліп, Түркістанның өзінде жасалуы дәлелге жақындау»-дейді археологиялық топ жетекшісі Бақытжан Нұрханов.​
Үй орнындай аумаққа зерттеу жүргізген археологтар су кірпішті кептіретін орындардың да бетін аша бастады. Бірнеше ғасыр өтсе де от тиіп қызыл түске енген қабырғалар мен бөлмелер берік қалпын сақтап тұр. Үйінді астында қалған тарихи орынның сыры толықтай ашылғаннан соң, Түркістан мен Қызылорда күре жолы бойында ашық аспан асты музейі ашылуы мүмкін.

Ал, Қарашық- 1 қалашығынан табылған пеш орыны мен жан-жағында шашылып жатқан металдарды қорытудағы қалдықтар да терең зерттеуді сұранып тұр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Seitzhan School – сапалы білім берумен қатар, оқушының жан-жақты дамуына басымдық беретін заманауи мектеп. Бүгінде 1000 орындық...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Үшінші мегаполисте ұстаздардың дәстүрлі қалалық Тамыз конференциясы өтті. Биылғы басқосу «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

САРБАЗ – ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Шымкент қаласының Жастар сарайында гарнизонның үздік сарбаздарын ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері...

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Интернеттегі есірткі жарнамасына тосқауыл: Шымкентте 1 200-ден астам ресурс бұғатталды Есірткі қылмысының тамыр жаюына тек оны тікелей сататындар ғана емес,...

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Жаз – демалыс пен серуеннің ғана емес, су айдындарындағы қауіптің де белең алатын уақыты. Әсіресе балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

ҚАУІПСІЗДІК – ЗАҢДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Өрт қауіпсіздігінің сақшысы – Сүйінбай Баратов республикалық байқауда үздік үштіктен көрінді Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек қызмет емес, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.