«Нұр Отан»партиясы — азаматтарымыздың негізгі мұқтаждықтарын қамтамасыз етіп қана қоймай, оларға еркін демалуға, әлеуметтенуге және дамыған елдердің стандарттарына сай келетін қоғамдық кеңістіктер құруға мүмкіндік беру керек деп санайды.
Партия Үкіметпен бірлесіп «Құтты мекен» партия жобасын іске асыратын болады, ол азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруға бағытталмақ. Мемлекет басшысы Үкіметке осы бағыттағы негізгі міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді.
Нарық жағдайында мемлекет азаматтарға өтеусіз негіздегі тұрғын үйді ұсына алмайды. Алайда партия әрбір отбасына қолжетімді болуға тиіс жаңа тұрғын үй құрылысына қолдау көрсететін болады. Қазақстандықтарға арналған сапалы тұрғын үй негізінде төменде көрсетілген нақты міндеттер жүзеге асырылатын болады.
Ол үшін:
-
жыл сайын кемінде 12-13 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады;
-
тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін бір адамға қазіргі 21,6 шаршы метрден 30 шаршы метрге дейін жеткізу қажет;
-
ипотекалық кредиттің қолжетімділігін арттырылады;
-
жалға берілетін тұрғын үйдің ауқымды құрылысы ынталандырылады;
-
жеке бизнестің тұрғын үй салуын ынталандырылады;
-
аумақтарды инфрақұрылымдық тұрғыдан абаттандыру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту көзделген;
-
құрылыс сапасына, құрылыс материалдарының экологиялық таза болуына және ғимараттардың энергияны сақтау тиімділігіне бақылау күшейтіледі;
-
«ақылды қалалар» бірыңғай жүйесін қалыптастыру үшін ТКШ жұмысына цифрлық технологияларды енгізіледі.