• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 25, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтті

26.02.2019
0

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен партия Саяси кеңесінің отырысы өтті. Оған Саяси кеңес мүшелері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, атқарушы мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және тағы басқалар қатысты. Сондай-ақ отырысқа партияның кезекті XVIII Съезінің делегаттары да шақырылды. Отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев алдымен барша қатысушыларды «Нұр Отанның» 20 жылдығымен құттықтады. Осы мерейлі датаға орайластырылған партияның кезекті XVIII Съезінің маңызына тоқталған ол аталған жиында «Нұр Отанның» жаңа бағыт-бағдары айқындалып, маңызды мәселелер талқыланатынын тілге тиек етті. Саяси кеңестің отырысында қаралған негізгі мәселелердің бірі «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарлама жобасын талқылау болды. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бағдарламаның негізінен әлеуметтік сипатқа ие екеніне назар аударды.

– Партия Төрағасының тапсырмасына сәйкес, партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы дайындалды. Бұл құжатта Елбасының елімізді жан-жақты жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға партияның қосатын нақты үлесі мен жұмысы көрсетілген. Бағдарлама жобасы бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары мен партияның аумақтық және аймақтық филиалдарының конференцияларында кеңінен талқыланды. Нәтижесінде құжат әлеуметтік сипатқа ие болып, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталды, – деді Мәулен Әшімбаев.

Отырыс барысында Бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша партия Хатшысы Илья Теренченко жан-жақты баяндап берді. Одан бөлек, Саяси кеңестің мүшелері: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметқали Сарыбеков, Павлодар облыстық перинаталды орталығының бас дәрігері Айман Оспанова және «Агрофирма «Родина» ЖШС-ның директоры Иван Сауэр сөз сөйлеп, жаңа Бағдарламаның басымдықтары жайында айтты. Талқылау нәтижесінде Саяси кеңес мүшелері Бағдарлама жобасын мақұлдап, оны «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII Съезінің қарауына ұсыну туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар ертеңгі Съезде партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу және Саяси кеңес пен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының есептік кезеңдегі жұмысын қорытындылау сияқты мәселелер де талқыланады деп күтілуде. Соған байланысты Саяси кеңестің отырысында аталған мәселелер де назарға алынып, талқыға салынды. Сондай-ақ Съезде өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Саяси кеңес пен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау мәселесі де қаралмақ. Бүгінгі отырыста Саяси кеңес мүшелері бұл мәселеге де көңіл бөлді. Одан бөлек, отырыста кезекті XVIII Съездің жұмыс органдары – Мандаттық, Есептік, Редакциялық комиссиялардың және Съезд Хатшылығының жеке құрамдары қаралып, ұсынылды. Жиын соңында партия Төрағасының Бірінші орынбасары ертеңгі Съездің партия үшін маңызы зор екеніне тағы бір назар аударды. – Өздеріңіз көріп отырғандай, Съездің қарауына партиямыздың әрі қарай дамуына үлкен әсер ететін маңызды мәселелер ұсынылып отыр. Съезд жұмысына Елбасы, партия Төрағасының қатысуы да бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан Съездің ел дамуына да тигізер әсері мол деуге толық негіз бар, – деді Мәулен Әшімбаев. Анықтама үшін: Саяси кеңес партияның жоғары өкілдік органы. Оның өкілеттігіне партия Съезінің шешімдерін орындау бойынша партия органдары қызметінің негізгі бағыттарын анықтау, партияның қатысуымен болатын сайлау кампанияларына қатысты мәселелерді қарау, партия атынан саяси мәлімдемелер мен үндеулерді қарау және енгізу, қалыптасқан қоғамдық қатынасқа байланысты партияның ұстанымын анықтау, партия Төрағасының ұсынысы бойынша өз құрамынан партия Саяси кеңесінің Бюро мүшелерін сайлау, партия Съезін шақыру, олардың күн тәртібін қалыптастыру, партияішілік талқылауларды өткізу туралы шешім қабылдау, оларды өткізуді ұйымдастыру және қорытындылау, партия съезінің ерекше құзіретіне қатысы жоқ партия қызметіндегі басқа да мәселелерді шешу кіреді. Партия Саяси кеңесінің өкілеттік мерзімі – 4 жыл.
nurotan.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Бүгінде Көне шаһарда Бес сусағынан өнер өрілген шеберлер мәдениғт пен өнерді дәріп қала мәдениетін одан әрі көркейтуде. Ұлттық қолөнерді жаңа...

ЖАҢА КОДЕКС ПЕН ТАРИФ САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА КОДЕКС ПЕН ТАРИФ САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген Энергетика, Қаржы, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қала кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты мемлекеттің...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДӘРІПТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.