• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 14 ақпан, 2019 жыл.

16.02.2019
0

— Түркістанның  төрінде Асқар Маминнің қатысуымен өтіп жатқан алқалы жиында Жансейіт Қансейітұлының бірінші орынбасары таныстырылды. Бұл қызметке Қосман Айтмұхаметов келді. Қосман Қайыртайұлы 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысында дүниеге келген. 1986 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Целиноград инженер-құрылыс институтын, 2006 жылы заңтану бакалавры мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысының «Изобильный» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Түрлі салада инженер болып еңбек етіп, еңбегімен көзге көрінеді. Нәтижесінде 2009 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды.  2013-2014 жылдары – Ақмола облысының әкімі; 2014 жылдың маусымынан бастап өңірлік дамуда вице-министр. 2014 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымын атқарған

— Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр аймағындағы ағайынмен кездесіп, есеп берді. Сыр өңіріндегі жиынға «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы «Өңірлердің өсуі» атты жобаның негізінде қатысып қайтты. «Сырт көз сыншы».

— Айғақ телеарнасы қолға алған «Өңірлердің өсуі» атты жоба аясында біз сіздердің назарларыңызға төрт бірдей аймақтағы әкімдердің есебін көрсетуді жоспарлаған болатынмыз. Мәселен, күні бүгінгі бейсенбіде Тараз қаласының әкімі халық алдында есеп берді.  Бұл туралы алдағы жаңалықтардан көретін боласыздар. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың де қорытынды жұмысы алдағы күннің еншісінде. Ал, 15 ақпан жұма күні сағат 11-де Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және дәл осы күні Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахманов халықпен кездесетін болады. Есептік кездесуді арнамыздың алдағы күндеріндегі жаңалықтардан жіберіп алмаңыздар,

— Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды. Жеті айдандан бері бос тұрған басшылық  лауазымына  Қайрат Жолдыбайұлы сайланды.  Осы ретте Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа басшыны Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездестіріп алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

— Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов қала тұрғыдары алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.  Яғни, Республикалық маңызға ие қаламыздағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және орын алған қылмыстардың ашылу көрсеткіштері бойынша баяндама жасаған департамент басшысы қала тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді.

— «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері Қаратау ауданында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Темір тұлпардың иелеріне жиі қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысып, қызмет көрсету сапасына сын білдірді. Арнайы ұйымдастырылған шара барысында орталыққа келушілерге арналған автотұрақтан бастап, көрсетілетін қызмет түрлеріне қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.

— Республикалық маңызға ие Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Айталық «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аймақта орындалу денгейі де жоғары көрсеткішке ие.  Мәселен, 2018 жылдың қорытындысымен аталмыш бағдарлама шеңберінде қала бойынша 26 мың 207 азамат нәтижелі жұмыспен қамтылып тиісті жоспарлар артығымен орындалған.

— «Қайырымдылық керуені»  жалғасуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен іске асырылып жатқан акция ақпан айында «Сыбаға» атауымен өткізу жоспарланған. Жобаның мақсаты қоғамдағы қорғалмаған топтарға қолдау көрсету және ұлттық дәстүрді қайта жаңғырту. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Сайрам, Төле би, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарына сыбаға үлестіруге жолға шықты. Аталмыш акцияны өткізуге «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Түркістан облысындағы 12 түрлі этномәдени бірлестік өкілдері демеушілік жасап отыр.

— Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл. Бүгінде он жыл бойы соғыс отына оранып, азабын тартқан ардагерлерге үлкен құрмет көрсетілуде. Солардың бірі, «ПетроҚазақстан Ойл» ЖШС компаниясының қызметкерлері. Бұл ұжымда 14 Ауған соғысының ардагерлері жұмыс жасайды. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ел ағаларына «ПетроҚазақстан» кәсіпорны арнайы марапаттауларымен, алғыс хаттар табыстады.

— Сайрам ауданының ветеринария саласы бойынша өткен жылы тиісті жұмыстар жоғары денгейде атқарылған. Осының нәтижесінде былтыр аудан аумағы бойынша төрт түлікте кездесетін аса жұқпалы аурулар тіркелмеген. Сонымен бірге кенелерге қарсы өңдеу шаралары да сапалы атқарылып,  ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарына басымдық берілген. Бұл туралы «Сайрам аудандық ветеринарлық қызметі» мекемесінің директоры Бекжан Халимжанов мәлімдеді.

— Ордабасы ауданында орналасқан №18 колледжге биыл 60 жыл толып отыр. 1959 жылы іргесі қаланған оқу орны бүгінге дейін 30 мыңнан астам кадр даярлаған. 400 балаға шақталған білім ордасының қазіргі ахуалы қандай?

— Отырар ауданындағы 1986-шы жылы іргесі қаланған  №20-шы колледжде 600 ге жуық талапкер білім алуда. Оның 400-ден астамы облыстық бюджет есебінен грантта оқиды.

«Айғақ-ақпарат».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылдар жалғасуда. Қоғам мен мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін бұл індетпен күрес – тек құқық...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӘДІЛЕТ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӘДІЛЕТ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы және оның аумақтық бөлімшелері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

“АНТ АЛДЫНДАҒЫ АСҚАҚ АРМАН: ОТАНҒА АДАЛДЫҚПЕН БАСТАЛҒАН ЖОЛ”

“АНТ АЛДЫНДАҒЫ АСҚАҚ АРМАН: ОТАНҒА АДАЛДЫҚПЕН БАСТАЛҒАН ЖОЛ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент гарнизонының 10216 әскери бөлімінде ерекше тебіреніс пен мақтанышқа толы күн өтті. Көктемгі шақырылыммен келген 35 жас сарбаз салтанатты түрде...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.