2016 жылдың мамыр айының ортасында Сайрам АІІБ-не Қарабұлақ елдімекенінің бір жергілікті тұрғыны заңсыз құмар ойын ұйымдастырғаны туралы хабар түскен. Сайрам АІІБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында 45 жастағы Қарабұлақ ауылының тұрғынының үйінің ауласында арнайы жасырын қораз төбелестірер арена дайындалып, тәртіп сақшылары барған уақытта қораздардың төбелесін тамашалап отырған он шақты ойыншыны ұстаған.
Полицейлердің анықтағанындай, 1971 жылы туылған Сайрам ауданының азаматы өзінің ауласында заңсыз құмар ойын ұйымдастырып, қораз төбелесіне ұтыс тігулерді қабылдап жүрген. Айғақты зат ретінде 45 жастағы күдіктіден өзінің қораздары мен ақшасы тәркіленді. Аталған жайт бойынша ҚК 307-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Одан әрі тергеу жұмыстарын жүргізу үшін іс ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданады.