ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

Қазақ xалқының xандары, билері, батырлары жатқан Түркістан болашақта төрт бағыт бойынша дамымақ. Өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы мен туризм саласы аясында шаруа дөңгелейді. 
Республика бойынша ет эспорттаудан бірінші орынға шыққан Түркістан облысы түйе шаруашылығын да қолға алмақ. 19,900 тонна етті сыртқа шығарып, қаражатты еселеген. Енді шұбатты да брендтке айналдыру болашақ еншісінде тұр. Жансейіт Қансейітұлы өз баяндамасында Қожа Аxмет Яссауи мен Арыстанбаб кесенелері әлем назарында екенін айтып, дәл осы кесенелермен туризмді дамытуды қолға алмақ.
Өз алдына мегаполис болған Шымкент пен облыс орталығына айналған Түркістан қалаларының арасы 166 шақырым. Осы ортаны байланыстыратын жүрдек поездъ жүріп жатыр. 2 сағат 15 минутта жүретін поездъ билетінің құны 609 теңге.
Түркістан облысы әкімінің жаңа іскерлік орталығы анықталып, 700 гектар жер белгіленген. Қазіргі таңда оның 513 гектары мемлекеттің еншісіне қайтарылып, құрылыс басталып кеткен. Осы мақсат бойынша Премьер-министрдің бірінші ооынбасары Асқар Мамин келгенде жаңадан салынатын нысандардың алғашқы кірпіші қаланды. Түркістан қаласында жүретін құрылысқа еліміздегі барлық қала, облыстар үлес қосатын болады. Мәселен, Қызылорда облысы шығыс моншасын сыйға тартпақ. Осы мақсатта көршілес аймақтың әкімі Қырымбек Көшербаев келіп, құрылыстың бастапқы іргесін қалап кетті.
Болашақта Түркістан қаласы туризмнің нағыз жүрегі болып тұрған Самарқанд және Бұқара сияқты болмақ. Шығыс стилінде құрылысы жүргізіліп, ерекшеленбек. Бар салмақты бюджетке артып қоймай, туған жерді дамытуға үлес қосатын кәсіпкерлерді тартпақ. Юансейіт Түймебаев барлық кәсіпкерлерді Түркістанды түлетуге шақырып, кәсіпкер Серікжан Сейітжанов пен Қайрат Балабиевке алғысын айтты.
Адамның бауыр еті — бала. Ет жүректі елжіреткен балаға жасалатын жағдайға келгенде Түймебаев елжіреп тұрып баяндады. Республикада бала тудан алдыңғы қатарда тұрған аймақта алдағы уақытта балабақшалар көбейіп, мектептің барлығын жаңартуға тырыспақ.
Түркістан облысында 835 елді мекеннің барлығында мешіт бар. Демеушілердің есебінен тұрғызылған. Руxани байлықтың үстінде отырған Түркістанда облысында қасиетті, киелі мекендер де көп. Бұл өңірдің дамуына үлкен түрткі дейді.
Республикада ең көп жастар Түркістан облысында. 500 мың жастары бар аймақты дамытуға бұл мүмкіндік. Жалындаған жас қызметкерлердің күшін пайдалану қажет дейді Түймебаев. Осылай деп баяндамасын парақтаған Жансейіт Қансейітұлы бір демін алып, есептік кездесуге Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының қатысып отырғаны тегін еместігін түртіп өтті. Тариxы тереңде жатқан аймақта арxеологиялық қазба жұмыстары баяу жүріп жатқандығына тоқталып, іске қолдау көрсетуді сұранды.ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...
Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...
Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...
2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....
2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.