2018 жылдың 19 маусымы күні Қазақстанда жаңа облыс құрылды. Елбасы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығын руxани шаһар болады деп мәлімдеме жасап, Жарлыққа қол қойды. Арада екі ай өткеннен кейін 17 тамызда Жансейіт Қансейітұлы бастаған команда Түркістан қаласына көшіп келді. Міне, сол сәттен бастап жаңа облыстың тамырына қан жүріп, іске кірісті. Еліміздегі жаңа облыстың алғашқы әкімі ретінде тариxта есімі жазылатын Түймебаев қасиетті жұмада 2018 жылды қорытындыламақ. 
