• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Наурыз 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 9 ақпан, 2019 жыл

12.02.2019
0

— Елордада қоғамдық кеңестердің ІІ Республикалық мәжілісі өтті. Еліміздегі қоғамдық кеңестің өкілдері, Азаматтық Альянс, Үкіметтік емес ұйымдар қатысқан жиналыста талқылаған мәселе аз емес. Халық пен билік ортасында көпір болып жүрген қоғамдық ұйымдар әлі де болса өзінің міндетін түсінбейді екен. Елімізде — өзекті мәселелерге бас қатырмайтын, қылмыстық оқиғаға еті үйренгендер көбейген. Астанада өткен Қоғамдық кеңестің мәжілісінде осыған қатысты пікір айтылды. Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан өкілдер де барып, өлкенің намысын қорғап мінберде сөз сөйледі.

— Соңғы уақытта қоғамда күн сайын бір қылмыс орын алатын болды. Қаржының тапшылығы, заманның ағымы безбүйректерді көбейтті білем. Мәселен, осы аптада Шымкент қаласының қақ ортасында кәсіпкердің отбасын ойрандап кетті. Қару кезенгендер Байтұрсынов көшесінің бойында тұратын ер азаматты және оның жұбайын аяусыз өлтірген. Бірін атса, енді бірін суық қарумен пышақтаған. Елбасы кәсіпкерлерге қолдау білдіру керек деп шырылдап жүргенде, мегаполистегі бұл қылмыс елді елең еткізді. Осы жағдайға қатысты Астанадағы қоғамды кеңестің мәжілісіне қатысқандар пікір айтты

— Астанаға арнайы барып, қоғамдық кеңестің жиынында түрлі пікірге құлақ түрген әріптестеріміз көршілес Жамбыл облысынан келген өкілдермен де жүздескен. Елордада жолыққан қос тарап Асқар Мырзахметовтың іскерлігі туралы ой бөлісіпті. 2009-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысына әкім болған Асқар Исабекұлының қолтаңбасы Шымкенттің талай көшелерінде қалды. Қазір дәл сол бағытымен Жамбыл аймағын гүлдендіріп жатыр. Бұл еңбегі ескеріліп мемлекеттік награда «Парасат» орденінің иегері атанды. Міне, осыған байланысты көршілес ағайындар әріптестерімізді тоқтатып, сұхбат беріпті.

— Түркістанды «Қазақстанның рухани орталығы ретінде қалыптастыру мақсатында Бас жоспар қалада  негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі.  Киелі Түркістан шаһарындағы  өткен жылы атқарылған және алдағы қызу жұмыстар бойынша Әліпбек Өсербаев халық алдында есепті кездесуін өткізді.

— Жоғары санаттағы дәрігер — хирург Мәди Бегалиевті бүгін ақтық сапарға шығарып салды. Өңтүстік өңірде алғаш рет адам ағзасына трансплантациялық ота жасап, мыңдаған адамға қайта үміт сыйлаған азаматпен қоштасуға, зиялы қауым өкілдері мен барша  әріптестері келді.

— Құқықбұзушылық туралы статистикалық мәлімет бойынша, Шымкент еліміздегі «Қауіпсіз қала» деп танылған. 2017 жылы бүгінгі Түркістан облысында 8 айда тіркелген қылмыс саны 16 пайызға, яғни 22 438-ге азайған. Алайда, орын алған заңбұзушылықтың 62 пайызы Шымкент қаласында тіркелген екен. Ал, 2016 жылы мегаполисте 20 892 қылмыс орын алған. Дәл осы уақытта Астанада – 39 727, ал Алматыда 66 913 қылмыстық іс қозғалған. Аталмыш ірі қалалармен салыстырсақ, Шым шаһарындағы заңға қайшы іс-әрекеттер саны төмен. Бірақ, бүгінде қоғамда орын алып жатқан кейбір оқиғалар ойландырмай қоймайды. Осы орайда, мегаполисті қала тұрғындары қаншалықты қауіпсіз қала деп ойлайды? Әр тұрғын өзінің қауіпсіз мекенде аялдап жүргендіктерін сезіне ме? Қоғам пікіріне назар аударайық.

—  Сарыағаш ауданындағы 77 білім мекемесінің 63 типтік,  қалған 14-і ыңғайластырылған оқу ордасы. Соның ішінде 600 балаға шақталған №45-ші мектеп былтыр пайдалануға берілген.

—  Қазақстан Респуликасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы аясында Арыс қаласында   «Рухани Қазына» атты кіші жоба өз жұмысын бастамақ.   Бұл бағыт аясында енді, аталған ауданда биыл киелі жерлер абаттандырылып, насихат жұмыстары тағы жандана түседі деп күтілуде.  Бұл туралы, күні кеше Арыс қаласы әкімінің орынбасары Айтбек Рысдәулет баспасөз жиынында арнайы мәлімдеме жасап, стратегиялық құжат бойынша  өткен жылы атқарылған жұмыстарды толығымен айтып өтті. Ұлдархан. 

—  Елімізде соңғы уақытта тілсіз жаудың зардабын шеккен халықтың саны азаймай тұр. Өйткені, жылыту маусымы кезінде үй ішінде табиғи газды немесе отын жағатындар бар. Осы орайда, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары апатты алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарына кірісті. Арнайы ұйымдастырылған сенбілікке орталық мамандарынан бөлек, мемлекеттік органдардан, полиция бөлімі мен ҚазТрансГаз мекемесінің қызметкерлері қатысты. Айта кетейік, 2018 жылдың 12 айында 186 өрт оқиғасы тіркеліпті. Ал, жыл басынан бері 7 өрт оқиғасы орын алып, 2 адам қаза болған. Осы орайда, қала бойынша төтенше жағдайлар бөлімінде, сарбаздар сапқа тұрып, атқарылатын жұмыстарға қатысты нұсқаулық берілді.

— Волейболдан ерлер арасында халықаралық турнир өтті.  Волейболдың аға жаттықтырушы Пердебай Мырзашүкіровтың мерейлі мерекесі қарсаңында   ұйымдастырылған халықаралық сайысқа 12-ге жуық команда қатысты.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.