• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың алғашқы жұмыс сапары

13.08.2015
0

8 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған Бейбіт Атамқұлов сәрсенбінің сәтінде, өңір әлеуетімен танысу үшін Шымкент қаласын аралапты. Яғни, әкімнің алғашқы жұмыс сапары шаһардың бүгінгі тыныс-тіршілігіне арналған. Алдымен, жөндеуден өтіп жатқан бірқатар мектептердегі жұмыс барысымен танысқан. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз орталығы таратқан мәлімдемеден белгілі болды.  Айтып өтейік, өңірде биыл республикалық және облыстық бюджет есебінен 104 білім нысанының құрылысы қолға алынған. Оның ішінде жыл аяғына дейін 67 білім мекемесінің құрылысын аяқтау жоспарланса, бүгінге дейін 37 нысан білім күніне сақадай сай тұр. Шәкірттердің игілігіне берілген жаңа нысандардың ішінде ғимараты апатты деп танылған 19 мектептің де құрылысы аяқталып отыр. Жыл соңына дейін осы санаттағы тағы 10 мектептің құрылысын бітіру жоспарда бар. Ал, қалған 27 апатты жағдайдағы мектептің мәселесі 2017 жылға дейін өз шешімін таппақ. Сонымен қатар, биыл 100 білім ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде екен. Қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстардың 80 пайызын аяқталып үлгеріпті. Негізі білім мекемелерінің жөндеу жұмыстарын облыс аумағында 25 тамызға дейін аяқтау жоспарда бар.

Жаңа оқу жылы қарсаңында білім мекемелерінің дайындығын пысықтауды мақсат еткен облыс әкімі бастаған жұмыс тобы Шымкенттегі Б.Момышұлы атындағы №44  және Қазыбек би атындағы №36 орта мектептеріндегі жөндеу жұмыстарымен, Сайрам елді мекеніндегі 1200 орындық орта мектептің құрылысымен танысты.

Білім ошақтарының алдағы оқу жылына дайындығын пысықтаған облыс басшылығы мердігерлерден жоспарланған жұмыстарды өз мерзімінде аяқтауды талап етті. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары барысында қолданылып жатқан материалдардың сапалы болуы керектігін, мектеп аулаларының көріктендірілуін де басты назарда ұстау қажеттілігін ескертті. Әлеуметтік нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстарына қажетті жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуде ғимараттардың жылу жүйелерін жылыту маусымында іс-жүзінде қадағалау мәселесі мен мектеп іргесіндегі жер учаскелерін суғару жүйесін орнату талаптарын ескеруді жүктеді.

Жұмыс сапары қорытындысында білім ошақтарындағы атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалаған Бейбіт Атамқұлов мектептерде балалардың сапалы білім мен тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалуы керектігінде естен шығармай, көңіл бөлу керектігін жауаптыларға тапсырды. Облыс әкімдігі алдағы кезеңде саманнан салынған мектептердің орнына заманауи білім ошақтарының бой көтеруі жөнінде нақтылы шараларды атқармақ ниетте екен. Алдағы уақытта, облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өңірге жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті БАҚ өкілдерін тыс қалдырмай, жиынға қатыстырады деген сенім мол.

Бөлісу36TweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.