Президент тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі жанынан жұмыс тобы құрылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Үкіметінің жанынан еліміздің азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көп балалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобына ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Е. Досаев басшылық етеді. Оның құрамы «Нұр Отан» партиясының, әлеуметтік-экономикалық блок, инфрақұрылымдық даму, ішкі істер министрліктерінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұрады.

Жұмыс тобы екі ай ішінде Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет.

Комиссия жұмысына бейінді ҮЕҰ, сарапшылар мен жұртшылық өкілдері тартылады.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ КОНФЕРЕНЦИЯ – СПРИНДЖЕР

ЕЛІМІЗДЕГІ АЛҒАШҚЫ КОНФЕРЕНЦИЯ – СПРИНДЖЕР

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде “AICTC-2024” аясында Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және компьютерлер саласындағы жетістіктерге арналған 5-ші халықаралық конференция...

ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ – ҚЫЛМЫС

ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ – ҚЫЛМЫС

Енді әйелге қол көтеріп, балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге қылмыстық жауапкершілікке тартылады Бұл туралы 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...