Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдауы өтті. Онда 15 түйткілді мәселе қоғамдық кеңес талқысына түсіп, оң шешімін тапты. Атап айтар болсақ, жалған құжат рәсімдеу, жер телімін заңсыз пайдалану, жолдардың жөнделуі бойынша тұрғындардың өтініш-арыздарын тыңдаған шаһар басшысы басым көпсанды мәселенің оң шешім табуына ықпал етті. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов Елбасы саясатын жүргізіп отырған елдің бас партиясының жұмысына белсенділік танытып, қоғамдық қабылдауда түрлі әлеуметтік мәселелердің дұрыс арнаға түсуін қолдаған қала әкіміне алғысын айтты. Өз сөзінде қала әкімі Ғ. Әбдірахымов құқық қорғау органдары қызметкерлерін тұрғындардың заңдық сауаттылығын арттыруға шақырып түрлі алаяқтықтың алдын алуды тапсырды.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










