«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы мен «Әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша Ұлттық Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің басшылары меморандумға қол қойды. Келісім-шарт аясында екі тарап алдағы уақытта жастардың патриоттық тәрбиесі мен күш-жігерін арттыру жолында жұмыс жасайтын болады. Жаңа жылда жаңа жоба жасауға кіріскен екі тараптың басты міндеті жастардың рухани байлығын арттыру болып отыр. Яғни, өскелең ұрпақты Отанға қызмет етуге даярлауды, адалдыққа баулуды және әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамытуды көздейді.
Алда осы бағытта жоспарлар құрылып, жұмыстар жүзеге аспақ. Сондай-ақ, «Әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша Ұлттық Федерациясы» болашақта салынатын көпсалалы оқу орнының жобасын таныстырды.
Аруна Пернебек.