• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Маусым 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Теріскейдің құбылмалы тылсым табиғаты

10.01.2019
0

Қазақ хандығының қара шаңырағы болған Созақ ауданы – өнері мен мәдениеті биіктеп, экономикасы дамыған, салт-дәстүрін дәріптеген өлке. Қаншама тарихи оқиғалардың куәсі болған мекен теріскейдің тылсым табиғаты құбылмалы. Содан болар, Созақ ауданында екі бірдей метеостансасасы орналасқан. Ал, Одаманбұлақ, Таскөмірсай асулары табиғатының қолайсыздығымен бұрыннан белгілі. Сондықтан да, мұнда жылыту бекеттерін салынған. Табиғаты қатал болса да, ауыл шаруашылығы  дамыған, шөбі шүйгін, ауасы таза, малға жайлы, құт қонған мекен – Созақ ауданы.

Табысы тайқазанынан тасыған теріскейдегі өлкенің негізі 1928 жылы қаланған. Тарихы ғасырға жуықтаған аудан жуырда ғана 90 жылдық мерей тойын тойлады. Өндірістің шыңына шыққан ауданда уран кентасы, таскөмір өндіріледі. Аудан аумағындағы 36 елді мекен 2 кентті, 10 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы Шолаққорған ауылы. Климаты тым континентті. Жазы ыстық, қуаң, аңызақты, қысы солтүстігінде суық, оңтүстігінде біршама жылы. Тұрғындар аймақтың климатына әбден үйренген. Қыр-сырын біледі. Метеорологиялық стансасы Шолаққорған және Тасты ауылдарында орналасқан екен. 

Алдымен, ауданның орталығына келіп тоқтадық.  «Шолаққорған» метеостансасында мобильді вагон орнатылған екен. Мамандар қысы-жазы осында отырып, орталыққа хабар беріп отырады.  Стансаның меңгерушісі Айзат Уәлиханқызы ауа райын өлшеу алаңына алып келіп, құрылғыларды таныстырды, дәл уақыттағы ауа райының жай-күйін  бақылап берді.

Айзат Уәлиханқызы 23 жылдан бері осында жұмыс жасап келеді. Тәжірибелі маман. Қызметіне қызығушылықпен қарайды. «Табиғатты зерттеу, құбылыстарды бақылау – өте қызық. Себебі ол тылсымға толы» — дейді.

Бұл орталықта 5 метеоролог жұмыс жасайды. Орта, жоғары білімді мамандар. Шымкенттегі орталықта арнайы тәжірибеден өтіп келген. Мекемені жылыту мен тазалық жұмыстары өздерінің мойындарында. Кесте бойынша жұмысқа келеді.  Жұмылған жұдырықтай іс атқаруда.

Шолаққорғаннан 178 шақырым жол жүріп, Тасты ауылдық округіне келдік. Мұнда ауаның райы мүлде бөлек. Жер – аппақ, қар жамылып жатыр. «Тасты» метеостансасының меңгерушісі Мұхит Смағұлұлы «Кеш түсе аяздың беті күшейеді» деп ескертті. Әрі қарай, тылсым табиғаттың температурасынан хабар алуы үшін, сырғыған сынаптарды бақылап, анықтап берді.

Мобилді вагон орнатылған бұл стансада 4 метеоролог және 1 агро-метеоролог жұмыс жасайды. Ауданда өсімдіктерден жусан, бұйырғын, көкпек, жыңғыл, сексеуіл, ал, таулы жерлерінде киік оты, тобылғы, қызылқайың өседі. Агро-метеоролог көктем шығысымен өсімдіктің шығуы, сиректігі мен өсу қарқынын, тағы басқа мәліметтерді орталыққа хабарлап отырады екен.

Теріскейде ауа райының қолайсыздығынан кейде байланыс үзілуі мүмкін. Күрт бұзылған құбылысты уақытылы хабарлап, аппаттың алдын алу –  бұл мамандардың басты міндеті. Сондықтан метеорологтар рацияны  қолданады.

Кез келген жаңалыққа, жаңа технологияға тез үйреніп, барынша халықтың мүддесінен шығып, табиғаттың тілін түсіне білген метеорологтардың еңбегі еленерлік.

Айтолқын Молдабекова.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ПОГОН АРТЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Тәулік бойы тынымсыз қызмет. Қауіп пен қатерге қарамастан қоғамдық тәртіпті күзету. Бірі қылмыстың алдын алса, енді бірі адам өмірін сақтап...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Биылғы шомылу маусымында жазатайым 2 оқиға тіркелді. Десекте ол оқиғалар шомылуға тиым салынған аумақта орын алған. Қалада шомылуға рұқсат етілген...

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында шаһардың алдағы дамуына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қаралды. Депутаттар күн тәртібіне енгізілген 8 мәселені...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

ХАЛЫҚ ТАРИФ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ СҰРАДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Жолдың жыры, тарифтің салмағы, автобустың азабы. Әл-Фараби ауданындағы халықпен кездесуде шымкенттіктер көкейдегі көп мәселені әкімнің алдына жайып салды. Шымкент қаласының...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Ауданнан аспайтын мәселені мегаполис мэрі шешуге мәжбүр.  Жол, жарық, су ағар, балалар ойын алаңшасына қатысты мәселелер Әл-фараби ауданы аумағында орналасқан...

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.