Қаратау ауданы әкімі аппаратының басшысы болып Парманов Азамат Бұхарбайұлы тағайындалды.
Парманов Азамат Бұхарбайұлы
1991 жылғы 29 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында дүниеге келді.
2013 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң университеті «экономикалық және бизнес», 2016 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті «құқық бакалавры».
09.01.2014 — 07.03.2014ж Салық төлеушілермен жұмыс және өндіріп алу бөлімінің бас маман заңгер-консультінің міндетін атқарушы, бас маман заңгер-консульт, СҚО, Уалиханов ауданы.
11.03.2014 – 14.11.2014ж Мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасының бас маманы, СҚО, Петропавл қаласы.
14.11.2014 – 26.01.2015ж Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, СҚО, Петропавл қаласы.
01.09.2015 – 07.12.2015 Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.
01.09.2016 – 09.11.2016ж Еңбекші ауданы әкімі аппартының халықпен жұмыс жұргізу бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы, Шымкент қаласы.
09.11.2016 – 16.11.2016ж Еңбекші ауданы әкімі аппартының халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласы.
16.11.2017 – 24.07.2018ж Шымкент қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.
24.07.2018 — 13.12.2018ж Шымкент қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің бас инспекторы.