• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қазан 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ» ӨТТІ

25.12.2018
0

Түркістан облысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша мерекесі тойланды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс орталығы — Түркістан қаласында өтіп, «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» атауымен ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, балғындармен бірге лед-экраннан Ел Президентінің балаларды құттықтау сөзін тыңдап, шырша шамын жақты.

«Армысыздар, Қымбатты балалар! Бүгін, Сіздер, елімізде үрдіске айналған “Президент шыршасына” қатысудасыздар! Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның жарқын болашағы — Сіздерге деген үлкен құрметі. Аяулы жас достар! Сіздердің білімді, парасатты, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасып, заман ағымына бейімделгіш, бәсекеге қабілетті болып жетілулеріңіз үшін мемлекет барлық мүмкіндіктер мен игі шараларды атқаруда және атқаратын болады. Ендігі таңдайтын жолдарыңыз – ғылым жолы болсын! Білім шыңынан көрінуге бет түзер болсаңыз, онда одан қаймықпай беліңді бекем бу. Өйткені, білім мен ғылым жолы – қызығынан гөрі қиындығы мол, асу бермес, асқарлы белі бар, өткел бермес асау өзені бар ауыр жол. Ал, біздің тәуелсіз елімізге ауырды ауыр деп қайыспай көтеретін, еңсесі биік, өресі кең, ділі таза, дені сау, кемелденген ақыл ойлы, парасатты жастар қажет. Мен сіздердің әрқайсысыңыздың осындай азамат болуға талаптанатыныңызға сенімім мол!», — деді Ж.Түймебаев.

Елбасы атынан әр балаға ноутбук, қыстық киімдер мен тәтті сыйлықтар табыс етілді. Дәстүрлі түрде жыл сайын мемлекет басшысы атынан ұйымдастырылатын бұл шара осы күні, осы уақытта Қазақстанның барлық өңірлерінде өтті. Оған өңіріміздегі ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан үздік оқушылар қатысты.

Өтіп бара жатқан жылды қорытсақ, 2018 жыл еліміз үшін ерекше де тарихи оқиғаларға толы жемісті жыл болды.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында қазақ даласының әлемдік өркениетке қосқан үлесін жастарға толық жеткізе отырып, қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің түркі дүниесінде алатын бірегей орнын нақтылады. Сондықтан әрбір жастың көкейінде өз еліне деген құрмет пен мақтаныш болу керек. Себебі қазақтың Ұлы даласы әлемдік өркениетке бастаудың отаны. Әлемдік өркениеттің дамуына қазақ елі өзінің жылқы өнерімен, қызғалдағымен, Ұлы жібек жолының күре тамыры болуымен орасан үлес қосты.

2017 жылы облыстық бюджеттен 748,0 млн.теңге қаржыға 128 мектепке робототехника кабинеттері сатып алынды. Бұл кабинеттерде балалар компьютерлік бағдарламалау дағдыларына, қарапайым алгоритмдер құрастыруға, Web-сайт және компьютерлік ойындар мен анимацияларды құруды европалық стандарттармен үйренеді. 2017 жылдан бастап облыста «KazRobosport» чемпионаты мен «KazRoboproject» ғылыми-техникалық жобалар конкурсы өткізілуде. Чемпионат жеңімпаздары республикалық чемпионатқа қатысып, командалық жүлделі 2-орынды иеленді.

2018 жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен облыстың орта балы – 79,6 балды құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 2,9 балға жоғары нәтижені көрсетті (2017ж – 76,7).

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы жобасы аясында облыс орталығында 2018 жылғы 1 маусым күні өткен балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің кезекті Шеруі республикалық деңгейде жоғарғы бағаға ие болды.

Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушылары арасындағы IX жазғы спартакиадаға қатысқан Түркістан облысының оқушылары жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Тәрбиеленушілеріміз білім сайысы бойынша да облыстың мерейін асқақтатты. Нақтылап айтсақ, жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада Түркістан облысынан қатысқан оқушылардың 25-і жүлдегер атанды.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

Айғақ медиа
03.10.2026
0

Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте заңсыз қоқыс тастаған жүргізуші дрон арқылы анықталды. Қаланың белгіленбеген аумағына қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолданылып, көлік...

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 40-қа жуық жас Ұлттық ұланның Алматы...

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Өз баспанасын жылдар бойы күткен 40 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап,...

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі – ана тілінің ел болашағындағы маңызын айқындайтын тағылымды...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.