• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЖЫЛДАМ ДАЙЫНДАЛАТЫН КЕСПЕ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА

21.12.2018
0

Жобаның жалпы құны 5 млрд. 475 млн. теңгені құрайды.

Биыл Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 2 га жер аумағында жылдам пісірілетін кеспе шығаратын зауыт өндірісін кеңейту бойынша ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. 2018 жылдың қараша айында зауыттың бұрынғы иесі — қазақстандық кәсіпкер мен Непал елінің тұңғыш миллиардері Бинод Чоудхариге тиесілі «Chaudhary Group» (CG Global) корпорациясы арасында зауытты сатып алу туралы келісім жасалды. Мәміле аяқтағаннан кейін жаңа компания қажетті жабдықтарды орнатып, екінші өндірістік желіні салу жұмыстарына кірісті.

«CG Global» корпорациясының еншілес кәсіпорны «CG Foods Central Asia» компаниясы 2019 жылдың наурызында өндірісті іске қосып, жылына 1100 тонна өнім шығаруды жоспарлауда.

Кишор Лодха (BRIJ KISHORE LODHA) – «CG Foods Central Asia» компаниясының бас директоры:

— Түркістан облысында бастапқы кезде өнімнің 10 түрін шығаруды көздеп отырмыз. Барлық өндірістік технологиялар еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Зауыт жанынан тағы жаңа цех саламыз, онда кеспеге арналған арнайы дәмдеуіштер шығарылады.

Өнім дайындауда отандық (жергілікті) шикізат: ұн, тұз, қант, сары май және басқа компоненттер қолданылады. 70% — жергілікті шикізат, 30% — Малайзия, Сингапур және Үндістаннан алынған шикізат. Кеспе 2019 жылдан бастап Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Баян Каюпова – «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы «Turkistan Invest» компаниясының сыртқы байланыстар жөніндегі басқарушы директоры:

— «CG Foods Central Asia» компаниясы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сынды елдерде сатылым нарығын қалыптастырған, сонымен қатар, корпорацияның өнімі Үндістан нарығының 60% -ын қамти алады. Әлеуетті тұтынушылар саны шамамен 200 миллионға жуық адамды құрайды, бұл – өте үлкен көлемді нарық. Түркістан облысында кеспе «Wai-wai» брендімен шығарылады, ол тай тілінен аударғанда «тез-тез» деген мағынаны білдіреді. Жергілікті тұтынушылар үшін өнімнің маңызды тұсы – барлық өнім халал болады.

Инвестициялық жобаны қолдау аясында «TURKISTAN INVEST» компаниясының ұжымы инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайларды жасады. Құжаттарды дайындаудан бастап жерге қатысты, техникалық және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге дейін бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетуде.

Кишор Лодха (BRIJ KISHORE LODHA) – «CG Foods Central Asia» компаниясының бас директоры:

— Жобаны іске асыруда жергілікті биліктің көмегі өте үлкен, сол үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мырзаға, сондай-ақ, әкімнің орынбасары Ербол Тасжүреков мырзаға алғысымды білдіргім келеді. Әрқайсысының қабылдауында болдым, әрдайым менімен байланыста, жоба барысында туындаған мәселелер тез арада шешілуде. Бұл мен үшін үлкен құрмет. «TURKISTAN INVEST» компаниясының ұжымы барлық қажетті құжаттарды дайындауда кəсіби біліктілігімен ерекшеленді. Шынымды айтсам, шетелде жүргенім сезілмейді, берік серіктестер, тіпті достар секілді болып кеттік. Бизнесте ең басты дүние бұл – сенім, ол адал серіктестік құруда және оны ары қарай сәтті дамытуда өте маңызды.

Жоба аясында 100-ден астам жұмыс орны құрылады, осыған орай жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Анықтама үшін. «CG Global» корпорациясының иесі Бинод Чоудхари 2013 жылы Forbes тізіміне енген. Әлемнің 30-дан астам елінде 11 түрлі бағытта жұмыс істейтін 80 компаниясынан құралған (6 мың қызметкер) империяны құру үшін оған 40 жыл қажет болды. Бүгінде оның байлығы $ 1,5 млрд.құрайды.

«Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы

TURKISTAN INVEST

Инвестициялық компаниясының

Баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.