Оңтүстік полицейлерінің шұғыл іс-әрекеті нәтижесінде 22 мамыр күні кешкі сағат 21-00-дер шамасында жоғалып кеткен 5-сынып оқушысы бүгін сағат 16-00 шамасында табылды деген қуанышты хабарды естідік. Әзірге қыздың қалай, не үшін жоғалып кеткені белгісіз.
Еске сала кетсек, 22 мамыр күні Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не жергілікті 34 жастағы тұрғыны Шымкент қаласы Нұрсат шағынауданының тұрғыны 2004 жылы туылған, кәмелетке толмаған №80 орта мектептің 5 сынып оқушысы Насыр Балнұр Бахытжанқызы 22 мамыр күні, сағат 21.00 шамасында үйінен шығып кетіп, қазірге дейін үйге оралмағаны туралы арызданған. Аталған жайт Қаратау АІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне тіркелді және жасөспірім Балнұр Насырдың жүрген жерін анықтау үшін барлық ОҚО ІІД ҚАІІБ-на бағдар беріліп, із-түссіз жоғалған Балнұрды іздеуге ОҚО ІІД Криминалды полиция, Қаратау ПБ, өзге де басқармалардың кәсіби қызметкерлерінен жедел іздестіру тобы құрылған болатын.