• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Ақпан 6, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ: ОРДАБАСЫДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР АШЫЛЫП, КЕНТАУДА БАСПАНАЛАР БЕРІЛДІ

14.12.2018
0
Еліміздің басты мерекесі — Тәуелсіздік тойын Түркістан облысының жұртшылығы асқан қуанышпен қарсы алып жатыр. Әсіресе, бүгінгі күн Ордабасы ауданы мен Кентау қаласының халқы үшін әлеуметтік нысандардың ашылуымен есте қалмақ.
Қос аудан, қала тұрғындарының қуанышымен бөлісуге барған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, алдымен, Ордабасы ауданына ат басын бұрып, Шұбарсу ауылындағы «MEDICAL CENTER SHUBARSU» медицина орталығының салтанатты ашылу рәсіміне куә болды.
Құрылысы 2016 жылы басталған нысанда жалпы саны 115 станционарлық төсек орын бар. Медицина орталығында терапия, балалар бөлімі, хирургия және жарақат бөлімі, физотерапия және оңалту бөлімі, күндізгі бөлім, стационар, зертхана және диагностика бөлімі, жедел жәрдем стансасы қызмет көрсетеді. АҚШ, Оңтістік Корея, Венгрия, Япония, Германия және бір қатар шетелдік және отандық замануи медициналық құралдармен жабдықталған нысанда 145 адам жұмыспен қамтылған.
Мұнан соң, облыс басшылығы бастаған топ аудан орталығы — Темірландағы «Жастар сарайының» ашылуына қатысты. Бүгінде 20 шақты жас маманды жұмыспен қамтыған ғимаратта болашақта аудан жастары түрлі үйірмелерге қатысып, бос уақытын тиімді пайдаланатын болады.
«Тәуелсіздіктің торқалы тойында Ордабасыда халыққа өте қажетті екі нысан ел игілігіне беріліп отыр. Оның бірі — жаңа өзіміз куә болған медициналық орталық болса, екіншісі жастар үшін бой көтеріп, жұмысын бастаған осынау еңселі ғимарат. Баршаңызға белгілі, келер 2019 жылды Елбасымыз «Жастар жылы» деп жариялады. Яғни, келешегі кемел жастарымызға мемлекет тарапынан барлық жағдайды жасау жолында бүгінгі орталық Өздеріңізге аманат. Тәуелсіз еліміздің мәңгілік ел болуға ұмтылған үмітін жалғайтын, сол арманға жеткізетін де Өздеріңіз. Мақсат-мұраттарымыздың жүзеге асуында бүгінгі жастар сарайының Сіздерге тигізер пайдасы мол деп білем», — деді Ж.Түймебаев ондағы жалынды жастармен тілдескенде.
Темірлан ауылындағы ескі кинотеатр ғимараты 2014 жылы жергілікті бюджет есебінен жеке меншіктен сатып алынған-ды. Сол кезде аудан әкімінің қаулысымен нысан аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне өтіп, күрделі жөндеуден өтті. Бүгінде жаңарған нысан техникалық базамен толықтай қамтамасыз етілген.
Облыс әкімі Ордабасыға сапарынан кейін Кентау қаласында жаңа пәтерлерге ие болған жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісуге барды. Бұл күні ондағы Ескі Иқан ауылдық округінде 2 қабатты 10 пәтерлі қызметтік тұрғын үй өз қожайындарын тапса, Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында да 10 пәтерлі 2 тұрғын үйдің кілті беріліп, бұл күні Кентауда жалпы саны 30 пәтер иелеріне табысталды.
Қызметтік үйлердің кілтін алып, қуанышқа бөленген жергілікті халықпен өзара әңгімеде Жансейіт Қансейітұлы мұндай баспаналардың осынау мейрам қарсаңында облыстағы көптеген азаматқа, нақтырақ айтсақ 300-ден астам тұрғынға табысталған жеткізді. Халықты баспанамен қамту жұмыстары бұдан әрі де жалғаса беретінін айтқан әкім үйлердің құтты қонысқа айналуына тілектестігін білдірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«1 БАЛЛ — 7000 ТЕҢГЕ»: АҚТӨБЕДЕ МҰҒАЛІМ ҰБТ ҰПАЙЫН САТҚАН

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Ақтөбе облысында мұғалім ҰБТ-дан жоғары нәтиже шығарып беремін деп ата-аналардан ақша алғаны анықталды. Мектептердің бірінде жұмыс істеген ұстаз әр оқушыға...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан...

31 қаңтар — ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДЕ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТЕДІ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың ата-аналары мен жақындарына арналған «Ашық есік» күні өтеді. Іс-шара барысында...

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ҰҒЫМЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ДЕП ӨЗГЕРТІЛДІ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституция мәтінінде республикалық референдум ұғымы жалпыхалықтық референдум деп өзгертілді. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: 11 БӨЛІМ, 95 БАПТАН ТҰРАДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы қаралды. Жобаны әзірлеу барысында соңғы алты ай ішінде азаматтардан,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.