• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 19, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ФРАНЦИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

07.12.2018
0

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаты, «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Пьер Кабарэ мырза бастап келген делегациямен кездесті.
Құрамында Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ, Франция Ұлттық Ассамблеясының Сыртқы істер комитетіндегі кеңесшісі Жиль Аратун, Францияның Қазақстандағы Бас консулы Алексис Шахтахтински сынды беделді азаматтары бар жұмыс тобы өңір басшысымен бірге алдымен, облыс орталығының келешектегі даму жоспарымен танысып, одан соң, екі жақты әңгімеде Қазақстан мен Франция мемлекеттерінің, оның ішінде, әсіресе, Түркістан облысымен экономикалық байланыстарын сөз етті.
«Франция соңғы 10 жылда қазақстандық экспорттың жалпы көлемінің 63% — ға жуығы экспортталған алты елдің бірі болып табылады. Ал бүгінгі таңда Қазақстанда француз капиталының қатысуымен шамамен 130 компания бар. Оның ішінде, Түркістан облысында 2 жоба жүзеге асырылып жатса, 3-уі келіссөздер сатысында. Қазақстандағы Француз инвестициясы соңғы 10 жыл ішінде 11,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл біздің елімізге Францияның іскерлік қоғамдастығы тарапынан жоғары сенімділікті білдіреді. Сондықтан, Түркістан облысы мен Франция Республикасының арасында өзара тиімді өндірістік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін кемел келешектің бар екеніне сенімдімін», — деді Ж.Түймебаев.
Өңірімізде инвестициялық климаттың өте қолайлы екенін алға тартқан аймақ басшысы бизнесті дамытып, оны қолдауда бізде түрлі механизмдердің жұмыс істейтінін алға тартып, шет елдік кәсіпкерлердің осында қаржы салып, іс бастауына болатынын жеткізді. Сонымен бірге, халқы ең тығыз орналасқан өңірлердің қатарындағы облысымыздың аграрлық саласындағы мүмкіндіктері мен туризм саласындағы әлеуетінің жоғары екенін де айтып өтті.
Өз кезегінде француздық меймандар Түркістандағы соңғы жаңалықтардан хабардар екенін айтып, мұндағы мүмкіндіктің мол екеніне тағы бір көз жеткізді.
«Бұл ретте француздық компаниялар «Ақылды қала» сынды озық жобаларды ұсына алады. Бүгінге дейін бірнеше елдерде жүзеге асып, сәтті жүргізіліп келе жатқан 25 жобамыз бар. Бұл Түркістан қаласына да ыңғайлы, 250 мың халыққа шақталған. Сондай-ақ, шаһарды туризм орталығы ретінде дамыту үшін жүргізушісі жоқ автономды қоғамдық көлік қызметін де ұсына аламыз», — деді Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ.
Осынау ұсыныстарға қанығып, өзге де салалардағы әріптестік жайын сөз еткен тараптар жоғарыда аталған жобалар бойынша әкімдік мамандарымен бірлесе тиімді тұстарын пысықтауға уағдаласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті....

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы барлық өңірге ортақ ас берудің дастархан мәзірін әзірледі. Арнайы тізім Астанада өткен имамдар форумында қаралып, мүфтияттың...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА АЙЛЫҚ ЕСЕПТІК КӨРСЕТКІШ МӨЛШЕРІ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Парламент 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады. Жаңа бюджет жобасына сәйкес: - айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Вице-министр Тимур Султангазиевтің айтуынша, биыл жедел жәрдем қызметіне қосымша 5 млрд теңге, ал келесі жылы 10 млрд теңге бөлінуі жоспарланып...

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.