Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков мырза 27 қараша 2018 жылы Алматы қаласында оралмандармен кездесу өткізді. Осы кездесудің нәтижесінде Қауымдастық пен «Отандастар қоры» бірігіп жұмысшы тобын құрды.
Мақсаты: Жекелеген адамдардың, бөлініп қалған отбасылардың арыз шағымын құзырлы мекемелерге жеткізіп, жинақталған мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ету және бақылау. Жүмысшы тобының екі адамы іс-сапармен Алматы қаласына барып, арыз, шағым қабылдайды.
Жұмысшы тобының құрамында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан Қарылғаш Бекпатшақызы, Рахым Айыпұлы, Серік Ахметов. «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның өкілі Айгүл Қонақбаева, қоғамдық ұйым өкілдерінен Омарәлі Әділбекұлы, Мұқан Мамытқанұлы бар.
Жұмысшы тобының қабылдауы 30 қараша күннен басталады. Орны Алматы қаласы, Ш.Уалиханов 43. А.
Байланыс жасаушы Қарылғаш Бекпатшақызы
Телефон: 8701 752 11 83