• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 23, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 22 қараша, 2018 жыл

26.11.2018
0

— Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы тағы да жаңа қондырғымен толықты. Академия — өңірдегі болашақ дәрігерлерді сапалы біліммен қамтып отырған жоғары оқу орындарының  бірі де бірегейі. Студенттер тәжірибе алмасу мақсатында хирургия саласын тереңінен меңгеріп келсе, енді Ресей елінен келген жаңа оқыту құрылғысын пайдаланып білімін шыңдайтын болады. Бұл құрылғының ерекшелігі ағылшын, орыс тілдерінде қызмет алуға мүмкіндік мол. Адам анатомиясын жіті зерттеп, жік-жікке бөліп ондағы капиляр тамырына дейін зерттеп танысуға болады. Әрбір қылшықтарды анықтап көрсетіп тұрған бұл құрылғы студенттерге өте тиімді-ақ. Түсінікті терминдермен жазылған құрылғы 3Д форматта қызмет көрсетеді. Нақтырақ, айтқанда смартфон секілді қызметтерді атқарады.

— Шымкент қалалық сот әкімшілігіне  ең жас басшы тағайындалды. 27 жасында лауазымды қызметке келген Нұрсұлтан Байтілесовтің  сот саласында 9 жылдық еңбек өтілі бар. Бүгін жаңа басшы сот әкімшілігінің ұжымына салтанатты түрде таныстырылды. Жиында сөз алған басшы елге адал, әрі әділ басшы болуға, артылған сенімді ақтауға жұмыс жасайтынын жеткізді.

—  Шымкент қалалық білім басқармасы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар өткізді. Шараға қала аумағындағы мектеп пен колледж директорлары қатысты. Оның негізгі мақсаты- білім саласында орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алу. Өйткені, қазіргі уақытта аталмыш салада заң бұзушылық факторы азаймай тұр.  Мектеп директорының қарамағындағы қызметкерден пара алу фактісі 2016 жылы орын алған.Алайда, араға уақыт салып, екеу ара жасалған жымысқы істің беті ашылды. Бұл бас қосуда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро мамандары аталмыш жағдайды негізге ала отырып, білім саласындағы қызметкерлерді сыбайластыққа жол бермеуге шақырды.

 – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты 104 мешіт болса, ондағы имамдардың шамамен 30 пайызы ғана жалақы алып отыр. Яғни бұл дегеніміз дін қызметкерлерінің басым бөлігінің жалақысыз күнелтіп жүргендігін көрсетсе, олардың  зейнетақы қорына не медициналық сақтандырына қаржы түспейді. Бұдан өзге Республикалық маңызға ие шаһарымызда коммуналдық шығындарын да өтей алмай отырған мешіттер бар. Сондай-ақ қаламыздағы 100-ден астам мешіттің  тек 18-і ғана  құжаттандырылған. Бұл туралы діни басқарманың Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев арнайы баспасөз жиынында мәлім етті.

—  Шымкент қаласында биыл бірқатар негізгі  автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылып жатыр. Мәселен  Шымкент қаласын  Сайрам тұрғын алабымен байланыстырып, Қарамұрт елді мекені аумағына дейінгі аралықты қамтитын күре жолдың күрделі құрылысы көктем айларында басталған. жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын облыстық маңыздағы бұл жолдың пайдалануға берілу мерзімі келер жылға өтпелі. Осы орайда елді мекен іштері арқылы өтетін жолды қайта құрылымдаудан өткізіп жатқан мекеме «Шымкент Дорстрой» ЖШС-гі жергілікті жердегі тұрғындарды құрылыс барысы аяқталғанша жобаға түсіністікпен қарауларын сұрайды.

«Біз салауатты өмір салты үшін». Осы ұран мен  Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары акция ұйымдастырды.  «Shymkent plaza» сауда орталығында өткен шараның негізгі мақсаты тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

— Жуырда ғана мегаполис атанған Шымкент қаласының туризмі қарыштап келеді. Халықтың игілігі үшін түрлі мәдени орындар мен демалыс аймақтары күн санап артуда. Соның бірі елімізге  белгілі меценат, қоғам қайраткері Төкен Жұмағұловтың «Гаваий Шымкент» демалыс орнының ашылуы. Төлеби ауданына бағыт алған жолдың жиегінде, Бадам өзенінің жағалауында орналасқан демалыс аймағыныңжалпы аумағы 5 гектардан асады.

– Түркістан облысына қарасты аудан қалаларда баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін көпқабатты тұрғын үйлер салу жұмыстары қарқын алып келеді. Айталық тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласының «Көктем 2» тұрғын алабында дәл қазір 36 пәтерлік үш бірдей тұрғын үйдің  құрылысы жүріп жатыр. Айталық әлеуметтік нысандар салуда тәжірибиесі мол «Жедел құрылыс» ЖШС-гі осындағы №6 үй құрылысын өткен жылдың мамыр айынан бастаса, бүгінгі таңда үш қабатты ғимараттың негізгі жұмыстары аяқталуға жақын. Яғни құрылыс кестесіне сәйкес сапалы салынып жатқан тұрғын үй келер жылы толықтай пайдалануға берілетін болады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.